Африка ұлттар кубогы: дауға айналған финалда Сенегал құрамасы жеңімпаз атанды | Qazaq24.co…
Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты.. Кубокты финалда Марокко мен Сенегал құрамасы сарапқа салды.
Бұған дейін жарты ғасыр бұрын марокколықтар осындай табысқа қол жеткізсе, Сенегал 2021 жылы үздік шыққан еді.
Алаң иелері фаворит саналғанымен, ойын барысында марокколық қақпашы Яссин Буну бірнеше рет қауіпті соққыны қайтарды.
Матч соңына таман конголық төреші Жан-Жак Ндала Нгамбо Марокко капитаны Ашраф Хакимиге қатысты ойын ережесі бұзылды деп, Сенегал соққан голды есептемеді.
Бірнеше минуттан кейін төреші Сенегал қақпасына күмәнді пенальти белгіледі. Мұның соңы үлкен дауға айналды.
Бұған наразы болған Сенегалдың бас бапкері Пап Тьяв футболшыларын алаңнан алып кетті.
Тек Сенегал сапындағы атақты ойыншы, кезінде ағылшындық «Ливерпульда» атой салған 33 жастағы Садио Мане «Біз ерлерше ойнаймыз» деп командаластарын қайта алып шықты.
Фото: championat.com Марокко сұрмергені Браим Диастың пенальтиді Паненка тәсілімен соғамын деген добын Сенегал қақпашысы Эдуард Менди оңай қақшып алды.
Читать полностью
Читать новость