Африкада аңға шыққан миллионерді пілдер таптап өлтірді

25.04.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Америкалық миллионер Эрни Дозио Габонда аң аулау кезінде қаза тапты. Ол сирек кездесетін орман бөкені мен ергежейлі орман енекесін аулауға шыққан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

Америкалық миллионер Эрни Дозио Габонда аң аулау кезінде қаза тапты. Ол сирек кездесетін орман бөкені мен ергежейлі орман енекесін аулауға шыққан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

Collect Africa мәліметінше, қайғылы оқиға Лопе-Оканда тропикалық орманында болған.

75 жастағы кәсіпкермен бірге кәсіби аңшы-нұсқаушы болған. Кенет қалың бұтаның арасынан бес ұрғашы піл мен бір пілдің төлі шыға келген. Төлін қорғаған жануарлар топқа бірден тап берген.

Басылымның жазуынша, кәсіби аңшы соққыдан шетке ұшып түсіп, ауыр жарақат алған. Ал Дозионың қолында тек бөкен аулауға арналған бытыралы мылтық қалған. Пілдер оны таптап өлтірген.

Марқұмның танысының айтуынша, Эрни бала күнінен аңшылықпен айналысқан. Оның Африка мен АҚШ-тан жинаған көптеген олжасы болған. Танысы көпшілік ірі аң аулауды құптамайтынын, бірақ Дозионың барлық сафариі лицензияланғанын және жануарлар санын реттеу ережелері аясында өткенін айтқан.

ОБСУЖДАЕТСЯ СЕЙЧАС

Қызылордадағы жол апаты: марқұмның отбасы Lexus жүргізушісі кінәлі болуы мүмкін екенін мәлімдеді

30 наурыз 15:27 1

Алматыдағы жантүршігерлік жол апатына кінәлі жүргізуші туралы не белгілі?

24 наурыз 13:04 1

“Өкінемін, кінәлімін“: Қостанайда полицейге шабуыл жасағандар кешірім сұрады

02 сәуір 14:44 1

Марқұмның денесі АҚШ-тың Габондағы елшілігінің көмегімен Калифорнияға жеткізіледі.

Эрни Дозио — Pacific AgriLands компаниясының иесі. Кәсіпорынның Калифорнияда 12 мың акр аумақты алып жатқан жүзім алқабы бар. Сондай-ақ, компания басқа жүзімдіктерді басқарумен және өнім жинауға арналған жабдық жеткізумен айналысады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью