Ағайынды Оралбай мен Назым Қызайбайға медаль табысталды

14.08.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

АСТАНА, 14 тамыз – Sputnik. Ұлттық Олимпиада комитетінде Спорт күніне орай белгілі боксшылар мен жаттықтырушылар марапатталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Жаттықтырушылар Асқар Еркебаев пен Елдос Сайдалин, сондай-ақ, боксшылар Нұрбек Оралбай, Айбек Оралбай мен Назым Қызайбай "ҚР Олимпиадалық қозғалысының еңбек сіңірген қайраткері" І дәрежелі Құрмет белгісімен марапатталса, тағы бір жаттықтырушы Долкунжан Камековке дәл осы медальдің ІІ дәрежесі табысталды.

Айта кетері, Асқар Еркебаев Қазақстан құрамасының бас бапкері, Елдос Сайдалин әйелдер құрамасын, ал Долкунжан Камеков Алматыдағы боксшы қыздарды жаттықтырады.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью