Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Айдос Кенжіғұлов кубок иегері «Штоккерау» клубының құрамында өнер көрсетеді. Оның командасы финалда «Вельс» командасын 3:1 есебімен жеңіп, турнир тарихында төртінші рет жүлдегер атанып отыр.
Айдос финалдық кездесуде бір матч өткізіп, қарсыласын 3:0 есебімен қапы қалдырды.
Дастан Кенжіғұлов «Баден» клубының құрамында жарысқа қатысып, турнирдің қола жүлдесін алды. Осылайша, екі ағайынды қазақстандық спортшы да Аустрия кубогында жүлделі орындарға ие болды.
Бұған дейін жазғы Азия ойындарына Қазақстаннан 500-ге жуық спортшы қатысатынын хабарлаған едік.