Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Үкімет Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен «Ultradecor Trading Kazakhstan» ЖШС арасында Солтүстік Қазақстан облысында ағаш өңдеу өндірісін салу жобасы бойынша инвестициялар туралы келісімге қол қоюды мақұлдады. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды.
Жалпы құны 70 млрд теңге болатын жоба 2026–2028 жылдары іске асырылады. Оны іске қосу кемінде 160 тұрақты жұмыс орнын құруға, ел ішінде ағаш өңдеуді кеңейтуге, дайын өнім өндірісін арттыруға әрі өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін күшейтуге мүмкіндік береді. Зауыттың өндірістік қуаты жылына шамамен 600 текше метр ағаш-жаңқалы плиталар (ДСП) мен 20 млн шаршы метр ламинатталған ағаш-жаңқалы плиталарды (ЛДСП) құрайды.
Келісім отандық өндірушілердің тауарларын, шикізатын, жұмыстары мен қызметтерін міндетті түрде пайдалануды көздейді. Инвестор дайын өнімнің кемінде 50%-ын ішкі нарыққа бағыттауға міндеттеледі. Кәсіпорын жобалық қуаттың 80%-ына шыққаннан кейін отандық дайын өнім экспортының көлемі жылына 60 мың текше метрге дейін жетеді.
Өңірді әлеуметтік қолдау міндеттемелері де бекітілген. Сондай-ақ инвестор жұмыскерлерді үздіксіз оқыту жүйесін енгізуге, олардың біліктілігін арттыруды қамтамасыз етуге міндеттеледі.
Жобаны іске асыру ағаш өңдеу саласының дамуына, жергілікті мазмұнды арттыруға, жұмыспен қамтуды кеңейтуге, еліміздің өңдеу өнеркәсібінің экспорттық әлеуетін нығайтуға ықпал етеді.
Соңғы жаңалықтар
Қазақстан мен Қырғызстан ТЖ саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
Қоғам • Кеше
Аида Балаева Алматы облысындағы туристік нысандардың дайындығын тексерді
Қоғам • Кеше
Ақтөбеде облыс әкімдігі ғимаратында өрт шықты
Оқиға • Кеше
Қазақстанда жаңа алты мұнай кен орны анықталды
Қазақстан • Кеше
Боксшы Оразбек Асылқұлов Азия чемпионатының финалына шықты
Спорт • Кеше
Жаңа Конституция – орнықты болашақ кепілі
Ата заң • Кеше
Киберқауіпсіздік пен ЖИ-ді дамыту: Елордада Palo Alto Networks компаниясымен кездесу өтті
Технология • Кеше
«Таза Қазақстан»: Елордалық кәсіпкерлерге тазалықты сақтау жөнінде чек-парақшалар таратылды
«Таза Қазақстан» • Кеше
Текелі ЖЭО-2 жөндеу жұмыстарынан кейін жабдықтардың тозуы екі есеге азайды
Энергетика • Кеше
Биыл музейге 822 мыңнан астам адам барған
Музей • Кеше
Сезініп көруге болатын фотокөрме: Алматылықтар «су астындағы өмірді» тамашалады
Алматы • Кеше
«NBC TV» қаржы пирамидасына қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды
Оқиға • Кеше
Президент бірқатар заңға қол қойды
Президент • Кеше
Азия чемпионаты: 8 боксшымыз финалда бақ сынайды
Бокс • Кеше
Елімізде мұғалімдердің табысы 4,1%-ға төмендеген
Білім • Кеше