Ағаштарға соғылды: Ақтөбеде 18 жастағы жүргізуші ауыр жол апатына ұшырады

08.05.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Ақтөбеде Ford көлігінің 18 жастағы жүргізушісі қаланың орталық даңғылында ауыр жол апатына ұшырады. Ағаштарға соғылғаннан кейін жас жігіт ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Tengri Auto.

Ақтөбеде Ford көлігінің 18 жастағы жүргізушісі қаланың орталық даңғылында ауыр жол апатына ұшырады. Ағаштарға соғылғаннан кейін жас жігіт ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Tengri Auto.

Ақтөбе облыстық ПД мәліметінше, жол апаты 8 мамырда Әбілқайыр хан даңғылында болған.

"Ford автокөлігі тізгінінде 18 жастағы жігіт болған. Ол түрлі жарақатпен оқиға орнынан ауруханаға жеткізілді", - деп хабарлады полиция.

Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші рөлге ие бола алмай, жасыл желекке соғылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан үш ағаш зақымдалды.

Полиция жүргізушіге қатысты ӘҚБтК-нің 610-бабы "Көлік құралдары жүргізушілерінің жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтіруге, көлік құралдарының немесе өзге де мүліктің бүлінуіне әкеп соққан бұзушылығы" бойынша әкімшілік хаттама толтырылғанын хабарлады.

Оқиға орнынан фото: Tengrinews.kz

Коммуналдық қызметтер апат салдарын жойып үлгерді: құлаған ағаштар шығарылып, аумақ тазартылды.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью