Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі интернет-ресурстар арқылы жалған сақтандыру қызметтерін ұсыну фактілерінің көбейгенін ескертіп, азаматтарды сақ болуға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Фото: Ашық дереккөз
Бүгінде интернет-ресурстар кейбір жағдайларда лицензияланған сақтандыру ұйымдарының атауларын заңсыз пайдаланып, көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру (КҚИ АҚЖМ) полистерін онлайн рәсімдеуді ұсынған. Сонымен қатар мұндай полистерді белгіленген тарифтерден жоғары бағамен сату жағдайлары тіркелген.
Сақтандыру ұйымдары несие өтелген соң 5 жұмыс күні ішінде ақшаны қайтаруға міндеттелді
Ведомствоның мәліметінше, аталған қызмет көрсетуші тұлғалардың сақтандыру қызметін жүзеге асыруға лицензиясы жоқ және олар сақтандыру агенттері ретінде тіркелмеген. Қазақстан Республикасының «Сақтандыру қызметі туралы» Заңының талаптарына сәйкес міндетті сақтандыру шарттары бойынша делдалдық қызметке жол берілмейді.
Осыған байланысты Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі азаматтарға интернет арқылы сақтандыру шарттарын жасасу кезінде мұқият болуға шақырды.
Нұрболат АМАНБЕК
Соңғы жаңалықтар
Екі дзюдошымыз Азия чемпионатының жартылай финалына шықты
Спорт • Бүгін, 12:02
Ақтау маңындағы ұшақ апаты: Ресей өтемақы төлейтін болды
Қоғам • Бүгін, 11:58
Мажарстанның жаңа премьері президенттің отставкаға кетуін талап етті
Әлем • Бүгін, 11:42
Екібастұзда медицина қызметкерлеріне күш көрсеткендер ұсталды
Медицина • Бүгін, 11:35
Оралда көлігіне қағаздан жасалған жалған нөмір таққан жүргізуші жауапқа тартылды
Аймақтар • Бүгін, 11:18
Түрік компаниялары елдегі мұнай-газ қорларын барлауға көмектеспек
Энергетика • Бүгін, 11:03
Павлодарда әскери қызметші қаза тапты: Қылмыстық іс қозғалды
Оқиға • Бүгін, 10:45
Оңтүстік Корея Қазақстаннан 18 миллион баррель мұнай сатып алады
Экономика • Бүгін, 10:35
FlyArystan Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты Дубайға рейстерді тоқтатты
Қоғам • Бүгін, 10:28
Қырғызстан аумағында жер сілкінді
Оқиға • Бүгін, 10:17
Smart Grid мен ЖИ-инженерлері: Елімізде жаңа мамандықтар пайда болады
Энергетика • Бүгін, 10:09
Орал әуежайы авиаотынды әртүрлі бағамен сатып келген
Оқиға • Бүгін, 09:52
Биыл 650 көппәтерлі тұрғын үйге жөндеу жұмыстары жүргізіледі
Қоғам • Бүгін, 09:38
Қазақстанның халық әртісі Есмұхан Обаев дүниеден өтті
Руханият • Бүгін, 09:25
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:15