Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Respublica партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидаттар Петропавлдағы ауыл шаруашылығы техникаларын құрастыратын «СТ Эссембли» зауытының еңбек ұжымымен кездесті. Кәсіпорын Claas маркалы ауыл шаруашылығы техникаларын құрастырумен айналысады, - деп хабарлайды Aikyn.kz сайты
Кездесу барысында спикерлер Respublica партиясының Мәжілістегі фракциясының атқарған жұмыстары мен нақты нәтижелері туралы айтып берді.
Атап айтқанда, Олжас Құспековтің алғашқы депутаттық сауалдарының бірі ауыл шаруашылығы техникаларын 6 пайыздық жеңілдікпен лизингке беру мәселесіне арналды. Бұл бастаманы жүзеге асыруға қол жеткізілді.
Екатерина Смолякова мектептердегі ыстық тамақты қаржыландыру мәселесіне тоқталды. Солтүстік Қазақстан облысында бір балаға бөлінетін тамақтану нормативін 600 теңгеден 900 теңгеге дейін арттыруға қол жеткізілгенін айтты.
Сондай-ақ ол Respublica партиясының вейптерге толық тыйым салу бастамасын көтергенін еске салды. Ерлан Сүлейменов халыққа қолжетімді әрі сапалы медициналық көмектің маңызын атап өтті. Оның ішінде қажетті диагностикалық тексерулерден уақытылы өту мүмкіндігі әр азамат үшін қолжетімді болуы керектігін айтты.