Ағын әкетті: Қостанай облысында атасы мен neмересін іздестіру аяқталды

16.06.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Қостанай облысындағы Тобыл өзенінде іздестіру-құтқару жұмыстары аяқталды: су жағасында демалу кезінде жоғалып кеткен атасы мен алты жасар немересінің денелері табылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қостанай облысындағы Тобыл өзенінде іздестіру-құтқару жұмыстары аяқталды: су жағасында демалу кезінде жоғалып кеткен атасы мен алты жасар немересінің денелері табылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін, 14 маусымда Қостанай ауданы Алтын дала ауылы маңында Тобыл өзенінде қайғылы оқиға болғаны хабарланған. Шомылуға тыйым салынған жерде су жиегінде жүрген 2020 жылы туған бала қатты ағысқа тап болған.

Алдын ала мәліметтер бойынша, баланы ағыс әкетіп бара жатқанын көрген атасы көмекке ұмтылған, алайда өзі де суға батып, немересімен бірге жоғалып кеткен.

16 маусымда іздестіру-құтқару жұмыстары барысында Қостанай облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері оқиға орнынан шамамен 1,5 шақырым төмен жерден баланың денесін тапты. Кейін 1967 жылы туған ер адамның денесі де табылды - ол шамамен бес шақырым төмен ағыстан табылды.

Іздеу жұмыстарына өңірлік ТЖД күштері, полиция қызметкерлері, жедел жәрдем бригадасы, жергілікті атқарушы орган өкілдері, сондай-ақ "10 регион", "Барыс", "Дос" іздеу топтарының еріктілері мен жергілікті тұрғындар жұмылдырылды.

Іздестіру шаралары аяқталды.

Немересін құтқармақ болған: Қостанай облысында атасы мен бала өзенге батып кетті

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью