Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Ақтөбедегі автогаз құю станциясында (АГҚС) болған жарылыстан кейін кәсіпкер төрт жылға бас бостандығынан айырылды. Қайғылы оқиға салдарынан әйел мен оның екі қызы қаза тапқан болатын. Үкім шығару кезінде сот залында сотталушының көптеген туысы мен қаза тапқан қыздардың әкесі болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қайғылы оқиға биыл 19 маусымда кешкі уақытта Бөкенбай батыр көшесіндегі жанармай бекетінде болған. Газ баллоны жарылып, соның салдарынан станцияда тұрған көліктердің бірі өртенген. Өрт сөндірілгеннен кейін көлік ішінен әйел мен оның 10 және 6 жастағы екі қызының денесі табылды. Тағы бір зардап шеккен адам ауруханаға жатқызылды.
Іс материалдарына сәйкес, әйел екі қызымен бірге Ақтөбеге іргелес тұрғын алабынан азық-түлік алуға келген. Олармен бірге көлікте күйеуінің інісі болған туыстары одан көлік айдап баруға көмектесуін өтінген. Жол-жөнекей отбасы жазғы ас үйде пайдаланатын тұрмыстық газ баллонын толтыру үшін газ бекетіне соққан.
Сотта баллонның тікелей көліктің жүк салғышында тұрып толтырылғаны анықталды. Жардап шегушінің айтуынша, әдетте 30 литрлік сыйымдылыққа 29 литр газ құйылатын, алайда сол күні есептегіш 40 литрден асып кеткен. Ер адам жанармай құюды тоқтатуды талап еткенімен, оператор тоқтату түймесінің қайда екенін білмей қалған. Көп ұзамай жарылыс болып, көлік өртке оранды. Ер адам денесінің 45 пайызын күйік шалып, жарақат алды.
Қаза тапқан қыздардың әкесі сотталушыға - газ құю станциясының иесіне кешірім берді. Кәсіпкер кінәсін ішінара мойындады.
Сот оны кінәлі деп танып, бас бостандығынан айыру жазасын кесті.
"Қылмыстық кодекстің 281-бабы 3-бөлігінде қарастырылған "Жарылыс қаупі бар объектілерде қауіпсіздік ережелерін бұзу" қылмысын жасағаны үшін кінәлі деп танылсын. Оған үш жыл мерзімге жарылыс қаупі бар объектілерде басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, төрт жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 46-бабы 5-бөлігінің 1-тармағына сәйкес, жазаны өтеу қауіпсіздігі барынша төмен қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде белгіленсін", - деп үкім етті Ақтөбе қалалық № 2 сотының судьясы Еділ Құдайберген.
Фото сот залынан алынды: Tengrinews.kz
Жұбайы мен екі қызынан айырылған ер адамның тағы да балалары бар.
Ақтөбедегі жанармай бекетінде көлік өртеніп, 3 адам қаза тапты
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу