AI Sana: Қазақстанның цифрлық болашағы үшін кадр даярлаудың жаңа үлгісі

24.06.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Бүгінде жасанды интеллект технологиялық және экономикалық дамудың маңызды факторларының біріне айналды. Оның қолданылу аясы білім беру, ғылым, денсаулық сақтау, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және мемлекеттік басқару салаларын қамтиды. Осыған байланысты жасанды интеллект технологияларын әзірлеп, оларды тиімді қолдана алатын білікті мамандар даярлау мемлекет үшін стратегиялық міндеттердің бірі болып отыр.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен 2026 жыл Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланды. Жасанды интеллектіні дамыту ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және елдің кадрлық әлеуетін нығайтуға бағытталған мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі ретінде айқындалды.

IT Quest: Елімізде технологиялар мен ЖИ-ге арналған квест өтеді

2024 жылы Мемлекет басшысы Үкіметке жасанды интеллект саласындағы мамандарды даярлауға және білім беру, ғылыми зерттеулер мен технологиялық кәсіпкерлікті біріктіретін ұлттық AI-экожүйені қалыптастыруға бағытталған AI-Sana бағдарламасын кезең-кезеңімен іске асыруды тапсырды.

Президент өз сөзінде: «ЖИ технологиялары саласындағы отандық және халықаралық білім беру бағдарламалары еліміздің кадрлық әлеуетін арттыруға үлес қоса алады. Үкіметке жасанды интеллект бағытында маман даярлауға арналған AI-Sana бағдарламасын кезең-кезеңімен жүзеге асыру мәселесін қарастыруды тапсырамын. Аталған бағдарлама оқу, зерттеу және стартаптарды әзірлеу үдерістері тоғысатын динамикалық экожүйені қалыптастыруға ықпал етуге тиіс. Әлемнің жетекші университеттерінің акселерация тәжірибесін қолданған дұрыс. Жасанды интеллектінің пайдасын Қазақстанның әрбір тұрғыны білуі керек. Оның не үшін қажет екенін, қалай дұрыс қолданылатынын ыждаһаттықпен түсіндірген жөн»,  деп атап өтті.

Қазақстан IT алпауыттармен 10 миллиард долларлық келісімдер пакетіне қол қойды

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью