Аида Балаева Әкелер күнімен құттықтады

21.06.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Фото: gov.kz

Министр өз сөзінде қоғамдағы әке рөлінің маңыздылығына тоқталып, атаулы мерекенің отбасы құндылықтарын дәріптейтін маңызды күн екенін айтты.

«Ұлт тарихында әке әрдайым шаңырақтың тірегі, әулеттің қорғаны, ұрпақ тәрбиесінің темірқазығы болып келді. Сан ғасырлар бойы қазақ әкелері перзенттерін әділдікке, адал еңбекке, үлкенді құрметтеуге, туған жер мен ата дәстүрге деген сүйіспеншілікке баулып, ізгі қасиеттерді ұрпақтан ұрпаққа аманаттап отырды. Осындай өміршең құндылықтар бүгін де отбасының берекесін арттырып, қоғамның тұтастығын нығайтатын басты негіз болып қала береді», деді Аида Балаева.

Әкелер күніндегі қуаныш 

Сондай-ақ ол отбасы институтын нығайту мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі екенін атап өтіп, отбасы құндылықтарының еліміздің заңнамасында да бекітілгенін айтты.

«Отбасы құндылықтарының айрықша маңызы еліміздің Ата Заңында да нақты көрініс тапқан. Жаңа Конституцияда неке ер мен әйелдің тең құқылы одағы ретінде айқындалып, отбасы, ана, әке және бала мемлекеттің қорғауында екені бекітілген. Бұл отбасы институтын қоғамның ең басты тіректерінің бірі ретінде нығайтуға бағытталған мемлекет ұстанымының жарқын көрінісі. Халқымыздың отбасы құндылықтарына деген берік көзқарасын қоғамдық зерттеулер де айғақтайды. Бүгінде қазақстандықтардың 90 пайыздан астамы ата-ана жауапкершілігін өмірдегі ең маңызды құндылықтардың бірі деп санайды. Ал азаматтардың 85 пайызы ата-ана мен бала арасындағы өзара түсіністік пен сенімді берекелі отбасының басты кепілі деп біледі», деді министр.

Аида Балаева мемлекет тарапынан отбасы мен ата-аналарды қолдауға бағытталған жүйелі бастамалар жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Оның сөзінше,  қазіргі уақытта еліміздің барлық өңірлерінде мектептер жанынан құрылған 500-ден астам Әкелер кеңесі жұмыс істейді.

Еске сала кетейік, елімізде 2023 жылдан бері Әкелер күні аталып өтіліп келеді. 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью