Аида Балаева Алакөлде туристерді қабылдауға дайындық қалай жүріп жатқанын тексерді

09.04.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

АСТАНА, 9 сәуір – Sputnik. Қазақстан премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мен туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Жетісу облысындағы туристік инфрақұрылымның жазғы маусымға дайындығымен танысып, Алакөл жағалауындағы негізгі нысандардың жай-күйін тексерді.

© Photo : Пресс-служба премьер-министра Казахстана Балаева мен Мырзабосынов Алакөлде туристерді қабылдауға дайындық қалай жүріп жатқанын тексерді

Балаева мен Мырзабосынов Алакөлде туристерді қабылдауға дайындық қалай жүріп жатқанын тексерді

© Photo : Пресс-служба премьер-министра Казахстана

Тексеру барысында үкімет басшысының орынбасары қонақүй кешендері, кәріз-тазарту құрылыстары нысаны, Көктұма ауылындағы жағалауды бекіту учаскесі және Үшарал қаласының әуежайын аралады.

Облыс әкімдігі жағалауды жазғы туристік маусымға дайындау бағытында ауқымды әрі жүйелі жұмыс жүргізіп келеді.

"Атап айтқанда, жалпы ұзындығы 488 шақырымды құрайтын Талдықорған – Үшарал және Үшарал – Достық автомобиль жолдарын реконструкциялау аяқталып, жағалаудың көлік қатынасы едәуір жақсарған", - деп жазылған хабарламада.

Үшарал әуежайының ұшу-қону жолағын жаңғыртудан кейін ірі әуе кемелерін қабылдауға мүмкіндік жасалып, қосымша терминал салу жобасы да әзірленген.

"Туристік аймақтың инженерлік инфрақұрылымы да едәуір нығайтылған. 57 шақырым электр желісі мен екі қосалқы станса құрылысы аяқталды. Бұл бұрынғы қуат тапшылығын жойып, алдағы кезеңге қажетті электр энергиясының қорын қалыптастыруға мүмкіндік берді", - деп атап өтті үкімет.

Ақши ауылында 69 шақырым кәріз желісінің құрылысы аяқталды. Ақши мен Көктұмадан шығатын ағын суларды қабылдап, тазалап, суды техникалық мақсатта қайта пайдалануға мүмкіндік беретін тазарту құрылыстары жобасын іске асыру жалғасуда. Нысанды биылғы қазан айында толық жабдықтап, инженерлік желілерге қосу жоспарланған. Осылайша жағалаудағы санитариялық жағдай, су бұру және экологиялық қауіпсіздік мәселелері кезең-кезеңімен шешімін тауып келеді.

© Photo : Пресс-служба премьер-министра Казахстана Балаева мен Мырзабосынов Алакөлде туристерді қабылдауға дайындық қалай жүріп жатқанын тексерді

Балаева мен Мырзабосынов Алакөлде туристерді қабылдауға дайындық қалай жүріп жатқанын тексерді

© Photo : Пресс-служба премьер-министра Казахстана

Жағалауды бекіту жұмыстарының барысына да баса назар аударылды. Жоба Алакөл жағалауының 13 шақырым аумағын қамтиды. Тексеру барысында бірқатар учаскеде, соның ішінде жағалауға жақын орналасқан нысандар маңында жағаның шайылу белгілері бар екені тіркелді.

Туристік нысан иелерінің айтуынша, қыс мезгілінде ірі мұз массалары жыл сайын жағалау жиегіне әсер етіп, топырақты шайып, жағажай аумағына зақым келтіреді. Соның салдарынан кәсіпкерлер әр маусым сайын жағажайларды қалпына келтіруге және абаттандыруға қайтадан қаржы салуға мәжбүр.

"Қазіргі уақытта Көктұмада 960 метр, Ақшиде 200 метр аумақта жағалауды бекіту жұмыстары атқарылған", - деп жазылған хабарламада.

Жағалаудың санитариялық дайындығы жөнінде де жеке баяндалды. Осы мақсатта коммуналдық база нығайтылып, санитариялық тазарту жұмыстарына қосымша 42 бірлік арнайы техника сатып алынған.

© Photo : Пресс-служба премьер-министра Казахстана Балаева мен Мырзабосынов Алакөлде туристерді қабылдауға дайындық қалай жүріп жатқанын тексерді

Балаева мен Мырзабосынов Алакөлде туристерді қабылдауға дайындық қалай жүріп жатқанын тексерді

© Photo : Пресс-служба премьер-министра Казахстана

Алакөлді дайындаумен қатар, облыс әкімдігі Балқаш көліндегі туристік инфрақұрылымды дамыту бағытында да жұмыс жүргізіп жатқаны айтылды. Жағалау аймағының бас жоспары мен егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы бекітілген, абаттандыру жұмыстары жүргізілуде, жағажай инфрақұрылымын аяқтау 15 маусымға жоспарланған. Сонымен қатар аумақты одан әрі дамытуға және инвестиция тартуға бағытталған ілеспе жобалар жүзеге асырылып жатыр.

Аида Балаева атқарылған жұмыстар жағалаудың жаңа инфрақұрылымдық негізін қалыптастырып жатқанын атап өтті.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью