Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Жетісу облысында өңірдің ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен жаңа Конституция жобасы мен алдағы республикалық референдумға арналған кездесу өтті. Іс-шара «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы мүшелерінің қатысуымен түсіндіру диалогы форматында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кездесуге Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі, коалиция төрағасының орынбасары Аида Балаева қатысты.
Өз сөзінде Аида Балаева жаңа Конституция жобасы ел дамуының жаңа парадигмасын айқындайтынын атап өтті. Бұл парадигмада адам және оның қадір-қасиеті алдыңғы орынға шығып, зияткерлік әлеует стратегиялық ресурс ретінде қарастырылады.
«Жаңа Конституция жобасының негізгі мәні - әрбір азаматтың қадір-қасиетін қорғау және елдің тұрақты дамуын қамтамасыз ету. Ең бастысы, алғаш рет конституциялық деңгейде «білім», «ғылым» және «инновациялар» мемлекеттің жоғары құндылықтары ретінде бекітілді. Бұл – білімге, ғылыми ойға және шығармашылық әлеуетке нақты прогресс факторлары ретінде сүйену деген сөз. Жаңа технологиялар мен жасанды интеллект дәуірінде бәсекеге қабілетті болу осы бағыттарсыз мүмкін емес», деді ол.
Жоба талқылауының кең қоғамдық форматта өткеніне ерекше назар аударылды. Ұсыныстар e-Otinish және eGov цифрлық платформалары арқылы қабылданып, Конституциялық комиссия жұмысы ашық жүргізіліп, қоғамдық талқылаулар тікелей эфирде көрсетілді.
«Бұрынғы Конституциямыз 30 жылдан астам уақыт бұрын, қиын кезеңде қабылданды. Ал, қазіргі заман талабы басқа – біз даму міндеттерін айқындауымыз керек. Сондықтан 10–20–30 жыл алға қарап, тұрақты өркендеуді қамтамасыз етіп, балаларымызға болашақта мықты мемлекет қалдыруымыз қажет. Жаңа Конституция жобасы адами капиталдың басымдығын, ғылым мен инновацияларға сүйенуді, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуды күшейтеді», деді Мәжіліс депутаты Никита Шаталов.
Адами капиталды дамыту және кадр даярлау мәселелерін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің басқарма төрағасы – ректоры Болат Тілеп көтерді. Гуманитарлық бағытта «Халықаралық “Қазақ тілі” қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Жетісу облыстық филиалының төрағасы Әміре Әрін ұсыныстарын білдірді. Ал әңгіменің мәдени қырын Бикен Римова атындағы Қазақ драма театрының көркемдік жетекшісі Сағындық Жұмаділ атап өтті.
Әміре Әрін Конституцияда бекітілген негізгі қағидаттардың мемлекет дамуына және елдің халықаралық беделін нығайтуға ықпалын ерекше атап өтті.
«Негізгі құжатта бекітілген ел мен аумақтың тұтастығы, адам құқықтары мен бостандықтары, зайырлы мемлекет қағидаты, цифрландыру, неке, әділеттілік, заң мен тәртіп, табиғатты қорғау сияқты қағидаттарды өміршең деп санаймын. Осылайша азаматтық қоғамның мемлекеттік басқарудағы рөлі артып, мемлекеттік үдерістеріміз дамып, еліміздің әлемдік қауымдастықтағы беделі нығая түседі», деді ол.
Сағындық Жұмаділ де Конституцияда бекітілген қағидаттардың маңызын атап өтті.
«Тәуелсіздік пен мемлекеттілік құндылығы да Конституцияда айқын көрініс тапқан. Жеріміздің тұтастығы, шекарамыздың беріктігі, халықтың бірлігі – мемлекеттің басты байлығы», деді ол.
Кездесу соңында қатысушылар алдағы референдумда саналы таңдау жасаудың және әр азаматтың жеке жауапкершілігінің маңызын атап өтті. Конституциялық нормалар іс жүзінде жұмыс істеп, мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді нығайтуы тиіс екені айтылды.
Соңғы жаңалықтар
«Оқжетпес» футбол клубы жекеменшік қолға өтті
Футбол • Бүгін, 21:35
Референдум • Бүгін, 20:55
ERG қызметкерлері жаңа Конституция бойынша референдум өткізуді қолдады
Қоғам • Бүгін, 20:50
Ақтөбе облысында жас мұғалім өлі күйінде табылды
Оқиға • Бүгін, 20:32
Үкіметтік емес ұйымдар үшін грантқа өтінімдер қабылдау басталды
Қоғам • Бүгін, 19:26
«Родина» ЖШС ұжымы республикалық референдум өткізуді қолдады
Референдум • Бүгін, 19:00
Мемлекет басшысы креативті индустрияларды қолдау және дамыту мәселелеріне өзгеріс енгізді
Заң • Бүгін, 18:42
Елена Рыбакина Дубайдағы WTA 1000 турнирін ерте аяқтауға мәжбүр болды
Теннис • Бүгін, 18:28
Арнайы жасақ жауынгері: Қазақстан әскери құрылымының дайындығы жоғары деңгейде екенін дәлелдедік
Әскер • Бүгін, 17:59
Атырауда мектептің бұрынғы екі түлегіне «Алтын белгі» берілуі мүмкін
Аймақтар • Бүгін, 17:52
Коалиция мүшелері Түркістан облысы тұрғындарымен кездесті
Ата заң • Бүгін, 17:45
Атырау облысында 10-сынып оқушысының өлімі тергеліп жатыр
Аймақтар • Бүгін, 17:22
«Халықтық Конституция – қуатты мемлекет» тақырыбында сарапшылар кездесуі өтті
Ата заң • Бүгін, 17:10
SCImago рейтингі: Қазақстан Орталық Азиядағы ғылыми көшбасшыға айналды
Қазақстан • Бүгін, 17:04
Сауалнама нәтижесі: 2025 жылы дайын өнімге сұраныс артқан
Банк • Бүгін, 16:52