Аида Балаева бірқатар журналиске мемлекеттік наградалар табыстады

25.06.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Фото: Еgemen.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен еліміздің ақпарат саласын дамытуға елеулі үлес қосқан журналистер, редакторлар, продюсерлер, тележүргізушілер, фототілшілермен отандық журналистиканың ардагерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Марапат алғандардың ішінде бас басылымның қызметкерлері де бар. Атап айтқанда, «Egemen Qazaqstan» газетінің бас редакторы Ғабит Мүсіреп «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағымен марапатталса, газеттің Білім және ғылым бөлімінің аға тілшісі Бекен Қайратұлы «Құрмет» орденімен, ал басылымның Әлеумет және спорт бөлімінің меңгерушісі Жомарт Оспан «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Сала өкілдерін кәсіби мерекемен құттықтаған Аида Балаева Мемлекет басшысының сөзін мысалға келтірді.

Президент: Журналистер қауымы – ең алдымен қоғамның жаршысы әрі шынайы жанашыры

«Бүгін Қазақстан Президенті бұқаралық ақпарат құралдарының ардагерлері мен жас журналистерге мемлекеттік наградаларды табыстады. Осы орайда Мемлекет басшысының сөйлеген сөзінен бір үзінді келтіргім келеді. Бұл сөздер бүкіл медиа саласының еңбегіне берілген жоғары баға деп білемін. Мемлекет басшысы «Бұл кәсіби мерекенің ел өмірінде алатын орны айрықша. Себебі журналистер қауымы – ең алдымен қоғамның жаршысы әрі шынайы жанашыры. Сіздер әрдайым халықтың көкейінде жүрген өзекті мәселелерді көтеріп, жұрт мүддесіне адал қызмет етіп келесіздер. Қазіргі жаһандық технология дамыған заманда азаматтарға жедел, сапалы әрі шынайы ақпарат тарату, ұтымды сараптама ұсыну да журналистер қауымына жүктелген абыройлы міндет саналады. Мемлекет сіздердің ерен еңбектеріңізді жоғары бағалайды. Ел Президенті ретінде бүгін мен барша медиа саласы мамандарына шынайы ризашылығымды білдіремін» деген болатын. Шын мәнінде, кейінгі жылдары елімізде ауқымды саяси реформалар жүзеге асырылды. Осы үдерісте бұқаралық ақпарат құралдарының атқарған рөлі айрықша болды. Мемлекеттік бастамалардың, бағдарламалармен арнайы жобалардың табысты іске асуы көп жағдайда қоғамның қолдауына байланысты. Ал сіздер мемлекет пен қоғамды, билік пен халықты жалғаған алтын көпір ретінде аса маңызды миссияны атқарып келесіздер», деді Премьер-министрдің орынбасары.
Қасым-Жомарт Тоқаев: Газеттер мен телеарналар заман талабына сай дамып келеді

Елімізде медиа саласын жүйелі жаңғырту жұмыстары жалғасып келеді. Атап айтқанда, 2023 жылы цифрлық платформалардың қызметін реттеуге және интернет-жарнама нарығының ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» заң қабылданды. Ал 2024 жылғы маусымда күшіне енген «Масс-медиа туралы» заң саланы дамыту үшін заманауи құқықтық жағдай қалыптастырып, сөз бостандығының кепілдіктерін нығайтты.

Биылғы 1 шілдеден бастап күшіне енетін жаңа Конституцияда сөз бостандығының, ақпарат алу құқығының және дербес деректерді қорғаудың кепілдіктері күшейтіліп, ашық әрі жауапты ақпараттық кеңістікті дамытуға берік негіз қаланды. Бүгінде Қазақстанның медиа саласы елдегі маңызды қоғамдық институттардың біріне айналды.

Биыл алғаш рет облыстарда жұмыс істейтін журналистерге де пәтер кілті табысталады

Республикада 5 303 бұқаралық ақпарат құралы тіркелген. Оның ішінде 3 181 мерзімді баспасөз басылымы, 253 телеарна, 97 радиостанция, сондай-ақ 1 457 ақпарат агенттігі мен желілік басылым бар. Кәсіби мерекеге орай сала қызметкерлері «Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат» медальдарымен және «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Сондай-ақ бірқатар медиа саласының өкіліне «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью