Аида Балаева: Конституциялық реформалар қоғамды жан жақты жаңғыртудың берік негізін қалыптастырады

03.02.2026

Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Астанада Мемлекет басшысының бастамасымен тағайындалған Президенттік арнаулы әдеби сыйлық пен «Айбоз – 2025» ұлттық әдеби сыйлығы лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz

Салтанатты іс-шараға Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Парламент депутаттары, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов, сондай-ақ зиялы қауым өкілдері қатысты.
Жеңімпаздарды құттықтаған Үкімет басшысының орынбасары олардың ұлттық әдебиетті дамытуға қосқан үлесін атап өтіп, қоғамдық сананы жаңғырту кезеңіндегі қаламгерлердің айрықша рөліне тоқталды. Сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елде ақын-жазушыларды қолдауға бағытталған жүйелі мемлекеттік саясат жүзеге асырылып жатқанын айтты.
Сонымен қатар Аида Балаева конституциялық реформа мәселесіне арнайы тоқталып, онда тарихи мұраны сақтау мен ұлттық мәдениетті қолдауға ерекше мән берілгенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл реформалар құқықтық кеңістікті жаңғыртумен қатар, елдің рухани негізін нығайтуға, ұлттық құндылықтарды заманауи талаптармен үйлестіруге бағытталған.

«Осы күндері біз тарихи кезеңді бастан өткеріп жатырмыз. Мемлекет басшысының әділдік пен біртұтастыққа, заң мен тәртіпке негізделген ауқымды реформалары ел дамуының жаңа бағдарына айналып отыр. Бұл өзгерістер қоғамды жан-жақты жаңғыртудың берік негізін қалыптастырады. Мемлекетімізде жүріп жатқан конституциялық реформалар – тек құқықтық өзгерістер ғана емес, елдің болашағын айқындайтын, қоғамдық сананы жаңғыртатын, азаматтар мен мемлекет арасындағы жауапкершілікті арттыратын түбегейлі бетбұрыс. Осындай сындарлы кезеңде қоғамның рухани бағдарын айқындау, елді ортақ мұраттарға ұйыстыру – айрықша маңызды», деді Аида Балаева.

Сондай-ақ, Премьер-министрдің орынбасары тарихи мұраны сақтау мен төл мәдениетті қолдау баршаға ортақ міндет екенін, бұл ұстаным алғаш рет Конституция жобасында нақты көрініс тауып, мәдениет пен руханият мемлекет дамуының маңызды тіректерінің бірі ретінде айқындалғанын айтты.

«Жаңа Конституцияда білім мен ғылымға, мәдениет пен инновациялық дамуға айрықша басымдық берілуі – мемлекетіміздің стратегиялық ұстанымын айқын көрсетеді. Бұл таңдау елдің басты капиталы – адам әлеуетін дамытуға, әр азаматтың білімі мен дарынын ашуға, прогреске бастайтын жаңа технологиялар мен шығармашылық ойды қолдауға бағытталған. Мұның бәрі Қазақстанның ұзақ мерзімді дамуы тек экономикалық көрсеткіштермен емес, ең алдымен рухани қуаты мықты, бәсекеге қабілетті, озық ойлы ұлт қалыптастырумен тікелей байланысты екенін тағы да дәлелдей түседі. Бұл жауапкершілігі зор миссияда қаламгер қауымының рөлі ерекше. Себебі әдебиет – қоғам айнасы, ұлттың жан әлемі», деді Үкімет басшысының орынбасары.

Айта кетерлігі, биыл Президенттік арнаулы әдеби сыйлыққа «Проза», «Поэзия», «Драматургия» және «Балалар әдебиеті» номинациялары бойынша 49 жас автордан өтінім келіп түсті. Нәтижесінде Мемлекет басшысының Жарлығымен сыйлық «Проза» номинациясы бойынша «Тергеуші» шығармасы үшін Арман Әлменбетке, «Поэзия» номинациясы бойынша «Құмдағы хикая» өлеңдер жинағы үшін Саян Есжанға, «Драматургия» номинациясы бойынша «Ақ киіз» драмалық туындысы үшін Бауыржан Мұстафиевке, «Балалар әдебиеті» номинациясы бойынша «Жазда атамның ауылында…» шығармасы үшін Асылан Тілегеновке табысталды.
Ал, 2025 жылы «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына «Үздік проза», «Үздік поэзия», «Үздік балалар әдебиеті», «Үздік драматургия», «Үздік әдеби аударма», «Үздік әдеби сын» және «Үздік комикс» номинациялары бойынша барлығы 180 өтінім қабылданды. Байқау қорытындысы бойынша әр номинациядан бір жеңімпаз анықталды.

Соңғы жаңалықтар

Үнзила Шапақ: Конституция мен халықаралық құқықтың арақатынасын белгілеу – еліміздің тұтас құқықтық жүйесінің іргетасын нығайтады

Ата заң • Бүгін, 20:24

Премьер-министр Alatau City туралы: Қаланы дамытудың негізгі принциптері жаңа Конституция жобасына енгізілді

Үкімет • Бүгін, 19:41

Эльвира Азимова: Конституция стратегиялық қағидаттарды бекітеді

Ата заң • Бүгін, 19:36

Артур Ластаев: Жаңа Конституцияда адамның барлық құқықтары мен бостандықтары сақталған

Ата заң • Бүгін, 19:28

Конституциялық реформаға көзқарас: Қоғамның пікірі қандай?

Ата заң • Бүгін, 18:45

Франция Қазақстанның атом-энергетикалық жобаларына қалай қолдау көрсетеді?

Энергетика • Бүгін, 18:37

Мемлекет басшысын Исламабад әуежайында Президент Асиф Али Зардари қарсы алды

Президент • Бүгін, 18:32

Мұрат Әбенов: Егемендік пен халықаралық құқықтың теңгерімі сақталған

Ата заң • Бүгін, 18:28

«Бұрын-соңды болмаған мүмкіндік»: Саясаттанушы Халық кеңесі арқылы саясатқа келу шегінің төмендеуі туралы айтты

Ата заң • Бүгін, 18:24

Тоқаев Пәкістанға барды: Жойғыш ұшақтар Президент ұшағымен қатарласып ұшты

Президент • Бүгін, 18:05

Азат Перуашев: Конституциялық реформа билік жүйесіндегі теңгерімді күшейтеді

Саясат • Бүгін, 17:59

Елнұр Бейсенбаев: Ел азаматтары жаңа Конституция ережелерінің 98%-ын қолдайды

Қоғам • Бүгін, 17:54

Динара Зәкиева: Бостандық пен құқыққа мемлекет тарапынан кепілдік беріледі

Ата заң • Бүгін, 17:40

Қазақстан Халық партиясы Қызылордада жаңа Конституция жобасын талқылады

Ата заң • Бүгін, 17:36

Елімізде 406 жеке емшара кабинеті лицензиясыз қызмет көрсеткен

Қоғам • Бүгін, 17:33

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью