Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Қазақстанның халық жазушысы, көрнекті ақын әрі қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов 84 жасында өмірден өтті. Қаралы хабардан кейін ел ішінде ақынның соңғы аманатына қатысты түрлі пікір айтылып, оның қайда жерленетіні қоғам назарын аударды, деп хабарлайды Egemen.kz.
19 сәуір күні өмірден озған қаламгердің жары Ханшайым Шаханованың әлеуметтік желіде тараған хатына сәйкес, ақынның соңғы тілегі – өзін Арыстан баб кесенесінің маңына жерлеу болған. Алайда кейін белгілі болғандай, Мұхтар Шаханов 21 сәуір күні Алматы қаласындағы Кеңсай зиратына жерленеді.
Мемлекет басшысы Мұхтар Шахановтың отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады
Бұл мәселеге қатысты қоғамда әртүрлі көзқарас қалыптасып, бірқатар белсенділер өз пікірін білдірді. Осыған байланысты Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева ресми түсініктеме берді.
Министрдің айтуынша, Арыстан баб кесенесі – бүгінде тек зиярат орны ғана емес, мемлекет қорғауындағы тарихи-мәдени мұра және туристік нысан. Сондықтан оның аумағында жаңа зираттар қазу орынсыз.
«Бүгінде Арыстан баб кесенесі де, оны қоршаған ескі қорым да мемлекеттің қорғауындағы нысандар. Иә, бұрын зиярат ететін жер болса, қазір бұл – тарихи мұрамыз. Арыстан баб пантеон-зираты емес, ол ең алдымен үлкен мәдени-рухани орталық, туристік бағытқа енген тарихи-мәдени нысан. Сондықтан ол жерге жаңа зираттар қазу адами тұрғыдан да, діни тұрғыдан да дұрыс емес деп санаймыз», деді Аида Балаева azattyq-ruhy.kz сайтына берген пікірінде.
Сонымен қатар министр Мұхтар Шахановтың тұлға ретінде қалыптасуына Алматы қаласының ерекше ықпал еткенін атап өтті. Оның сөзінше, ақынның шығармашылық ортасы мен зиялы қауым шоғырланған қала – Алматы, ал Кеңсай зираты – көптеген көрнекті тұлғалар мәңгілік тыныс тапқан орын.
«Ақынның артынан іздеп, дұға жасайтын жамағат ұлыларын Кеңсайдан табады. Туыстары да бұл шешімге түсіністікпен қарайды деп сенеміз», деді ведомство басшысы.
Осылайша, қоғамда талқыланған мәселеге нүкте қойылып, ақынның жерлеу рәсімі белгіленген тәртіп пен заң шеңберінде жүзеге асатыны нақтыланды.
Соңғы жаңалықтар
Мұхтар Шахановты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі Алматыда өтеді
Тұлға • Бүгін, 17:57
Әскери қызметшілердің ақшалай үлесі мен жәрдемақысы: Ережеге қандай өзгерістер енді?
Әскер • Бүгін, 17:55
Жапонияда 7,7 балдық жер сілкінісі тіркелді
Табиғат • Бүгін, 17:48
Мейірім Нұрсұлтанов уақытша чемпион атағы үшін айқасады
Спорт • Бүгін, 17:33
Астанада бір жылда бейнебақылау камераларының саны екі есеге артты
Елорда • Бүгін, 17:26
Жамбыл облысында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 11 балаға жәрдемақы төленбеген
Аймақтар • Бүгін, 17:01
Алматыда субұрқақтар маусымы қашан ашылады?
Алматы • Бүгін, 16:55
Астанада көпқабатты үйдің шатырынан секірмек болған жасөспірім құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 16:46
Ерлан Қошанов ҰҚШҰ Парламент өкілдеріне жаңа Конституцияның негізгі ережелерін таныстырды
Парламент • Бүгін, 16:33
Тері зауыты төңірегіндегі түйткіл
Аймақтар • Бүгін, 16:25
Көші-қон саясаты өзгереді: Олжас Бектенов министрлерге нақты міндеттер жүктеді
Үкімет • Бүгін, 16:05
Елордалық жүргізушілерге ескерту: Ақан сері көшесінде қозғалыс шектеледі
Елорда • Бүгін, 14:48
Отандық ғалымдар құрғақшылыққа төзімді дақылдарды ойлап тапты
Ғылым • Бүгін, 14:42
Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 14:34
Қазақстан Орта Азияда экономикалық еркіндік бойынша көш бастап тұр
Экономика • Бүгін, 14:25