Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
— Біз қазір ел дамуының жаңа кезеңіне аяқ бастық. Осыған орай құқықтық жүйені жаңғырту, негізгі қағидаттарды заманауи талаптарға сай нақтылау — уақыт талабы. Осы орайда, жаңа құжат ел бірлігін нығайтып, мемлекетіміздің тұрақты дамуына зор үлес қосары сөзсіз, — деді Аида Балаева.
Бұл тұрғыда ол Конституция тек құқықтық құжат қана емес, қоғамның ортақ құндылықтары мен жауапкершілігін айқындайтынын атап өтті.
— Сондықтан жаңа Ата заң халықтың сенімі мен мүддесіне негізделген қастерлі Отанымыздың басты тірегі болады деп сенемін, — деді Үкімет басшысының орынбасары.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Kazinform агенттігінің қазақ және орыс тіліндегі Telegram арнасында Конституциялық комиссия отырысынан мәтін трансляциясы болады.