Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Жаңа Конституция жобасына енгізілген өзгерістер қоғамда кең талқыланып жатыр. Әсіресе мемлекеттің зайырлы сипатын айқындай түсетін нормалар көптің назарын аударды. Осыған байланысты Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Facebook әлеуметтік желісінде арнайы жазба жариялап, жаңа Конституциялық түзетулердің мәні мен маңызына тоқталды, деп жазады Egemen.kz.
«Жаңа Конституция жобасында мемлекетіміздің зайырлы сипатын бұрынғыдан да айқындай түсетін норма енгізілді. Қолданыстағы Конституцияның бірінші бабында Қазақстан өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыратыны көрсетілген болса, енді бұл қағидат дербес әрі ауқымды түрде нақты бекітіліп отыр», деп жазды министр.
Оның айтуынша, бұл өзгеріс ең алдымен азаматтардың діни сеніміне, дәстүрі мен жеке таңдауына құрметті күшейтуге бағытталған.
«Әсіресе, айлардың сұлтаны – Рамазан айында, көптеген адам ар-ождан, адамгершілік, ішкі тәртіп пен өзара құрмет мәселелеріне айрықша мән береді. Сондықтан мұндай нормалар туралы жан-жақты салмақтап, байыппен пайымдау маңызды», дейді Аида Балаева.
Министр жаңа жобадағы 7-баптың 1-тармағында «Дін мемлекеттен бөлек» деген қағиданың нақты жазылуын маңызды институционалдық қадам ретінде бағалады.
«Зайырлы мемлекет – дінді жоққа шығарады деген сөз емес. Бұл – жауапкершілік аясын айқындау. Мемлекеттік саясат діни нормаларға емес, заңға негізделеді. Ешбір дін мемлекеттік немесе міндетті деп есептелмейді. Азаматтардың барлығы өз діні мен сеніміне қарамастан тең құқылы», деп атап өтті А. Балаева.
Министрдің сөзінше, алдағы уақытта діни бірлестіктердің қызметі, құқығы мен жауапкершілігін реттейтін жеке заң қабылданатыны айтылған. Конституция құндылықтық негізді белгілесе, салалық заңдар сол нормаларды жүзеге асыру тәртібін нақтылайды.
Сондай-ақ жаңа бапта діни ұйымдардың қызметі заң аясында жүзеге асатыны, ал конституциялық құрылыс, адам құқықтары мен бостандықтарын, ұлттық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті қорғау мақсатында белгілі бір шектеулер қойылуы мүмкін екені көрсетілген. Бұл – ар-ождан және діни сенім бостандығы мен қоғам алдындағы ортақ жауапкершілік арасындағы тепе-теңдікті сақтау деген сөз.
Аида Балаева бұл өзгерістер жобадағы 25-баппен тікелей үндес екенін де атап өтті. Онда әр адамның ар-ождан бостандығына құқығы бар екені бекітіле отырып, осы құқықты пайдалану жалпыадамзаттық құндылықтар мен мемлекет алдындағы міндеттерге нұқсан келтірмеуі тиіс екені нақты жазылған.
Дихан Қамзабекұлы: Қазақстанның білім беру саясатындағы зайырлы қағидаттарды бекіту қажет
Осылайша, жаңа Конституция жобасындағы түзетулер қолданыстағы нормаларды күшейте отырып, конфессияаралық келісімді, құқықтық тәртіп пен қоғамдық тұрақтылықты нығайтуға бағытталған. Ең бастысы – әр адамның сеніміне құрмет сақтай отырып, заң алдындағы ортақ жауапкершілікті бекемдеу.
Соңғы жаңалықтар
Ұлыбритания, Германия және Франция Иранға ескерту жасады
Саясат • Бүгін, 10:49
Қазақстан үшін Қытай сабағы: Индустриялық саясат – серпін бе, әлде елестегі өсім бе?
Экономика • Бүгін, 10:47
Grand Slam: Ташкенттегі турнирде дзюдошыларымыз қалай өнер көрсетті?
Спорт • Бүгін, 10:33
Қазақстан қарулы күштері жауынгерлік даярлық бағдарламасын жаңғыртады
Әскер • Бүгін, 10:20
Иран төңірегіндегі жағдай: Мұнай неге қымбаттады?
Экономика • Бүгін, 10:10
Ішкі істер министрлігі «Автомектеп» ақпараттық жүйесін енгізді
Қоғам • Бүгін, 10:00
Әуежайда «бомба» бар деп мәлімдеген «Қайрат» клубының дәрігері рейстен түсірілді
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:58
2 наурызға арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:45
Бибігүл Жексенбай: Жаңа Конституция – Ұлттық құрылтайда басталған реформалардың логикалық жалғасы
Ата заң • Бүгін, 09:38
Ауа райы • Бүгін, 09:29
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:08
Тоқаев Таяу Шығыстағы ахуалға байланысты бірнеше елдің басшыларымен сөйлесті
Президент • Кеше
Белгілі ғалым тілге қатысты алып қашпа әңгімелерге сенбеуге шақырды
Қоғам • Кеше
Аймақтар • Кеше
Бейбітшілік – әрбір баланың құқығы: Динара Закиева Иранда қаза тапқан оқушыларға көңіл айтты
Оқиға • Кеше