Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Алматы облысындағы «Фирма-Бент» ЖШС зауытында Премьер-Министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» Жалпыұлттық коалиция мүшелерінің еңбек ұжымымен кездесуі өтті. Жиын Жаңа Конституция жобасы мен алдағы 15 наурызда өтетін республикалық референдумға арналды, деп жазады Egemen.kz.
Кездесуге Парламент Мәжілісінің депутаттары Мақсат Толықбай, Жанарбек Әшімжан және Сергей Пономарев, қоғамдық институттар мен әлеуметтік қолдау жүйесінің, білім беру саласының өкілдері, жастар ұйымдары мен өңірлік актив мүшелері қатысты.
Қонаев қаласында жаңа Конституция жобасы мен негізгі институционалдық өзгерістер талқыланды
Зауыт қызметкерлері алдында сөз сөйлеген Аида Балаева Коалицияның барлық өңірлерде жүйелі түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, Коалиция мүшелері кәсіпорындар мен еңбек ұжымдарына арнайы барып, Жаңа Конституция жобасын азаматтармен тікелей талқылауды мақсат етіп отыр. Ұсынылып отырған Ата заңның жаңа редакциясы қоғамның әділеттілік пен айқын ережелерге деген сұранысын толық ескереді. Ал құжаттың түпкі логикасы азаматтардың мүддесін қорғауға бағытталған.
«Біз сіздерге Жаңа Конституция жобасының мәні мен алдағы референдумның маңызын түсіндіру үшін келдік. Жаңа Конституцияны халықтық деп атауға толық негіз бар. Өйткені түзетулер қоғамның түрлі өкілдерінің – заңгерлердің, сарапшылардың, Сенат пен Мәжіліс депутаттарының қатысуымен әзірленді. Ең бастысы, азаматтарымыздан онлайн форматта және тікелей жолданған ұсыныстар негізінде қалыптасты. Сондай-ақ жобада еңбек құқықтарын қорғау, өндірістегі қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету жөніндегі нормалардың бекітілгенін ерекше атап өткім келеді. Себебі қолданыстағы да, жаңа Конституциядағы да ең басты құндылық – адам өмірі. Біз қауіпсіз өмір, қауіпсіз қоғам және қауіпсіз өндіріс туралы айтуымыз керек», деді Премьер-Министрдің орынбасары.
Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжанов Жаңа Конституция жобасын әзірлеу жұмысының ауқымы мен оның қоғамдық сипатына ерекше тоқталды.
«Бұл құжат өздігінен пайда болған жоқ. Оның әзірленуіне үздік ғалымдар, заңгерлер, экономистер мен сарапшылар, тәулік бойы нормаларды талдап, салыстырған жаңа буын кәсіби мамандар қатысты. Жоба қоғамдық талқылауға шығарылып, жарияланды, медиакеңістікте және әлеуметтік желілерде кеңінен сарапқа салынды. Сондықтан, меніңше, бұл – азаматтардың сенімін нығайтып, отбасы мен балалық шақтан бастап әділдік пен жүйенің ашықтығына дейінгі негізгі құқықтарды тиімді қорғауға қабілетті құжат», деді Жанарбек Әшімжанов.
Кездесу барысында еңбек ұжымының ұстанымын кәсіпорын технологы Галина Сухаребрева пікір білдіріп, конституциялық нормалардың кадр даярлау жүйесімен және жұмысшы мамандықтарды қолдау шараларымен өзара тығыз байланысына назар аударды.
«Біз үшін адами әлеует – жай ұран емес. Қандай өндіріс болмасын, білім мен инновациясыз оның дамуы мүмкін емес. Біз өзгерістерді қолдаймыз және адами әлеуетке арналған бөлімде жұмысшы мамандық иелері мен орта техникалық білім беру мәселесінің де көрініс табуы маңызды деп санаймыз. Мемлекет елге білікті мамандар даярлап, жастарды қолдау көрсетеді. Олар кәсіп меңгеріп, өз ісінің нағыз кәсіби шеберіне айналып отыр», деді Галина Сухаребрева.
Кейін Жалпыұлттық коалиция өкілдері отандық зауыттың жұмысымен және өндірісте заманауи технологиялардың енгізілу барысымен танысты. Кездесу соңында Аида Балаева еңбек ұжымымен жеке әңгімелесіп, қойылған сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ, азаматтардың Ата заңның болашағына қатысты шешім қабылдауға тікелей қатысуының негізгі тетігі референдум екенін айтты.
Абзал Құспан: Конституциялық сот азамат пен мемлекет арасындағы төреші болады
Соңғы жаңалықтар
Елдегі алғашқы агротехнопарк ауыл шаруашылығына қандай пайда әкеледі?
Экономика • Бүгін, 15:48
Қонаев қаласында жаңа Конституция жобасы мен негізгі институционалдық өзгерістер талқыланды
Ата заң • Бүгін, 15:45
Түлкіден тараған ауру: Зайсанда ірі қара мал арасында құтыру ауруы тіркелді
Оқиға • Бүгін, 15:42
Референдумға қатысты заңсыз сауалнама жүргізген ақпараттық агенттікке айыппұл салынды
Қоғам • Бүгін, 15:40
Таразда оқушы қызды ұрламақ болған ағайындылар қамауға алынды
Оқиға • Бүгін, 15:30
Қазақстан − Үндістан арасындағы тауар айналымы 923,3 млн долларға жетті
Үкімет • Бүгін, 15:20
Таразда 13 жастағы қызды құтқарған азамат марапатталды
Төтенше жағдай • Бүгін, 15:10
PhD көбейді, бірақ ғылым алға жылжып жатқан жоқ: Себеп неде?
Қазақстан • Бүгін, 15:05
Түркістанға көктем ерте келді: Нәурізек құсы оралып, бәйшешек гүлдеді
Аймақтар • Бүгін, 14:52
12,6 млрд теңге: Атырауда жұмыссыз азаматтарға берілетін ақша көлемі белгілі болды
Қоғам • Бүгін, 14:47
Алматы облысында жер сілкінісі сезілді
Төтенше жағдай • Бүгін, 14:45
Түркістан облысының тұрғыны бүйрегін 13 млн теңгеге сатпақ болған
Оқиға • Бүгін, 14:31
Оңтүстік Кореяның экс-президенті өмір бойына бас бостандығынан айырылды
Оқиға • Бүгін, 14:15
Отандық туризмге салынған инвестициялар көлемі 1,2 трлн теңгеден асты
Туризм • Бүгін, 14:00
Атырауда алимент төлемегендердің берешегі 3 млрд теңгеден асқан
Оқиға • Бүгін, 13:40