Air Astana Алматыдан ұшатын рейстердің кешігу себебін түсіндірді

13.01.2026

Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

АСТАНА, 13 қаңтар – Sputnik. Air Astana Алматыдан ұшатын рейстірдің неге кешігіп жатқанын түсіндірді.

"Алматыдан ұшып шығатын және Airbus NEO тобының әуе кемелерінде орындалатын Air Astana әуе компаниясының кешкі рейстері салқын тұман мен бағыттың анық көріну деңгейі 150 метрден кем болуына байланысты кешігіп жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Әуе компаниясы мұндай қолайсыз ауа райы кезінде Airbus өндiрушiсi ұшуға шектеулер енгiзгенін еске салды.

"Кейбір рейстерді орындау үшін FlyArystan компаниясының резервтік ұшағы пайдаланылады", - дейді компанияда.

Компанияда жолаушыларға рейстердің мәртебесін ресми сайтта немесе Air Astana мобильді қосымшасында алдын ала нақтылау ұсынылды.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью