7kun.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Қазақстаннан Кипр Республикасының Ларнака қаласына тікелей әуе рейстері ашылады.
Air Astana әуекомпаниясы Астана мен Алматыдан Ларнакаға тұрақты рейстерге билеттер сатылымын бастады.
Астана – Ларнака: 2 маусымнан 5 қыркүйекке дейін сейсенбі және сенбі күндері. Ұшу уақыты – 5 сағат 40 минут, кері рейс – 5 сағат 5 минут.
Алматы – Ларнака: 4 маусымнан 6 қыркүйекке дейін бейсенбі және жексенбі күндері. Ұшу уақыты – 6 сағат 5 минут, кері рейс – 5 сағат 30 минут.
Барлық рейстер заманауи Airbus A321LR әуе кемелерімен жүзеге асырылады.