7kun.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Air Astana 3-4 наурызда Медина мен Жиддадан Қазақстанға 4 репатриациялық рейс орындап, барлығы 640 жолаушыны тасымалдады.
Олар Медина-Атырау, Медина-Ақтау және Жидда-Атырау бағыттарында ұшқан.
Одан кейін жолаушылар Атыраудан Алматы мен Астанаға бағытталған 3 рейспен жеткізілді.
Қосымша екі рейс 4 наурызда Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп жоспарланған: Жидда-Ақтау-Алматы және Жидда-Атырау-Алматы бағыттары бойынша ұшулар болады.
Әуе компаниясы Таяу Шығыстағы жағдайды тұрақты бақылауда ұстап отыр.