​Air Astana Таяу Шығыстан 3500 адам шығарылғанын хабарлады

11.03.2026

Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Air Astana компаниялар тобы наурыздың 3-і мен 10-ы аралығында Қазақстанға 3500 жолаушыны жеткізді.

Ол үшін әуе компаниясы Медина, Жидда және Маскаттан 21 репатриациялық рейс, оның ішінде 8 рейсін топтың өзі ұйымдастырған, ал ҚР СІМ-мен бірлесіп 13 рейс орындады. 

10 наурызда Air Astana/FlyArystan әуе компанияларының жолаушыларын Маскаттан (Оман) Алматыға шығару үшін 2 репатриациялық рейс орындады. Әуе компаниясы жолаушыларға Дубайдан Маскатқа тегін трансфер қамтамасыз етті.

Тағы бір рейс ҚР СІМ-мен бірлесіп Жиддадан Атырауға ұйымдастырылды. Бұған дейін әуе компаниясы мен Азаматтық авиация комитеті Біріккен Араб Әмірліктерінен келетін рейстердің бір бөлігінің тоқтатылуына және Таяу Шығыстағы жалпы шиеленісті жағдайға байланысты жолаушыларды аймақтан шығару жұмыстары жүргізіліп жатқандығын хабарлаған болатын.

Осыған дейін Air Astana Маскат арқылы орындалатын эвакуациялық (қайтару) рейстерінің кестесін жариялап, аймақтағы жағдайдың дамуын жіті бақылауды жалғастыратынын нақтылаған еді.

Бүгін, 16:05

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью