Air Astana Таяу Шығыстан қазақстандықтарды қайтару үшін төрт рейс орындауы мүмкін

02.03.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

— Air Astana компаниялар тобы Сауд Арабиясы мен Мысырдың авиациялық билігінен рұқсат алған жағдайда 3 наурызда Батыс Қазақстаннан Мединаға 2 репатриациялық рейсті және Джеддаға 2 репатриациялық рейсті орындауды жоспарлап отыр. 

Сонымен қатар, Компаниялар тобы Таяу Шығыс елдеріне тұрақты рейстерді орындауды 6 наурызды қоса алғанға дейін тоқтатады, ал билеттер 13 наурызға дейін (қоса алғанға) сатылмайды, — делінген Air Astana хабарламасында. 

Әуе компаниясы жағдайдың дамуын мұқият қадағалауды жалғастыруда және жолаушыларды алдағы өзгерістер туралы жедел хабардар етеді.

Айта кетелік қазақстандық авиакомпаниялар Таяу Шығыстан 2 наурызға 13 рейс жоспарлағаны туралы жазған едік.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью