Qazaq24.com, 7kun.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Air Astana 29 наурыздан 24 қазанға дейінгі жазғы навигацияға көшті. Бұл кезеңде рейстер жиілігі артып, жаңа бағыттар іске қосылады.
Атап айтқанда, Алматы-Шанхай бағыты ашылды. 2 маусымнан бастап Астана–Гуанчжоу және Қазақстан қалаларынан Ларнакаға жаңа рейстер ұша бастайды.
Сонымен қатар Бейжің, Ыстамбұл, Анталья бағыттарына рейстер жиілейді, ал Астана-Франкфурт бағыты бойынша ұшулар күн сайын орындалады.
Маусымдық рейстер де қайта жанданады. Олардың қатарында Вьетнам, Батуми, Подгорица және Бодрум бағыттары бар.
Сондай-ақ Алматыдан Мальдив аралдарына маусымдық рейстер мамырдың соңына дейін ұзартылды.
Қазақстандықтар үшін Түркия, Қытай, Вьетнам, Грузия және Өзбекстанға визасыз режим сақталады.