Ай сайын 500 мың теңгеден алып отырған : Жаңаөзенде бопсалау күдігімен ер адам қамауға алынды

25.08.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Маңғыстау облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ЖҚАЖ және Жаңаөзен қаласының криминалдық полиция қызметкерлерімен бірлесіп, 31 жастағы ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Aikyn,kz cайты Polisia.kz сілтеме жасап. 

— Тергеу материалдарына сәйкес, күдікті өзге адамдармен бірге күш қолдану және қорқыту арқылы жәбірленушіден 200 мың теңге ақша алған. Кейін оған «қорғау және қамқорлық» көрсетеміз деген сылтаумен ай сайын 100 мың теңге төлеуді талап еткен. Уақыт өте талап етілген сома 500 мың теңгеге дейін өскен. Жәбірленуші полицияға жүгінгеннен кейін күдікті жедел түрде ұсталды, — делінген хабарламада.

Оның жанынан арнайы таңбаланған 60 мың теңге көлеміндегі ақша тәркіленді. Қазір қылмыстық істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью