Айбек Оралбай Азия чемпионатының финалына ірі жеңіспен шықты

07.04.2026

Tengrinews.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

90 келіден жоғары салмақ дәрежесіндегі қазақстандық боксшы Айбек Оралбай бокстан 2026 жылғы Азия чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды Tengri Sport.

90 келіден жоғары салмақ дәрежесіндегі қазақстандық боксшы Айбек Оралбай бокстан 2026 жылғы Азия чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды Tengri Sport.

Жартылай финалда Айбек Оралбай түрікменстандық боксшы Дәулет Исламовпен жұдырықтасты.

Бірінші раундта боксшылар қарсыластың қорғанысын бұзудың амалын қарастырды. Оралбай қарсыласына жойқын соққылар сериясын жасап, басына дәл тигізуге тырысты. Бір сәтте отандасымыз ыңғайлы сәтті пайдаланып, соққысын жиілетті. Осылайша қазақстандық бірінші раундты 5:0 есебімен өз пайдасына шешті.

Екінші кезеңде Айбек Оралбай қарқынды одан әрі үдетіп, қарсыласынан басым түсті. Төрешілер бұл жолы да дәл сондай есеппен оны мықты деп таныды.

Үшінші раундта түрікмен боксшысы жақын қашықтыққа шығып, соққы жасауға тырысты. Қазақстандық боксшы бірнеше соққы өткізіп алғанымен, қарқынын бәсеңдетпей, шабуылын жалғастырды. Төрешілер үшінші раундта да жеңісті отандасымызға берді. Нәтижесінде Айбек Оралбай төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жетті.

Еске сала кетейік, ширек финалда Айбек Оралбай өзбекстандық боксшы Арман Махановты да жеңген болатын. Жекпе-жек толық уақытқа созылып, қазақстандықтың 4:1 есебімен жеңісімен аяқталды.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Kazakhstan Boxing Federation (@boxingkazakhstan) жариялаған жазба

Еске сала кетейік, бұған дейін қазақстандық боксшы Сабыржан Аққалықов қарсыласын нокаутқа түсіріп, Азия чемпионатының финалына шыққан 2026 жылы.

Ал Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай моңғол боксшысы Бариахаан Доржды ойсырата жеңіп, АЧ-2026 финалына жолдама алды.

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью