Айбек Оралбай нокдаунмен ойсырата жеңіп, 2026 жылғы Азия чемпионатының алтын медалін иеленді

10.04.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

90 келіден жоғары салмақ дәрежесінде сынға түсетін қазақстандық боксшы Айбек Оралбай Азия чемпионатының алтын медалін иеленді, деп хабарлайды Tengri Sport.

90 келіден жоғары салмақ дәрежесінде сынға түсетін қазақстандық боксшы Айбек Оралбай Азия чемпионатының алтын медалін иеленді, деп хабарлайды Tengri Sport.

Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны қытайлық боксшы Данабек Байкенжемен жекпе-жек өткізді.

Жекпе-жек барысы

Бірінші раундтың басы Оралбай үшін оңай болған жоқ. Қарсыласы орта қашықтықтан шабуылдап, қазақстандықты өзіне жақындатпады.

Алайда уақыт өте келе Айбек өз қашықтығын тауып, көп соққылы комбинациялар мен ауыр соққыларын бағыттай бастады. Осы әрекеттерінің арқасында ол бірінші раундты 3:2 есебімен өз пайдасына шешті.

Екінші раундта қазақстандық спортшы өзін нық сезіне бастады. Қарсы шабуылдар мен аяқпен жақсы жұмыс істеудің арқасында ол қарсыласын қателік үстінде ұстап, жауапсыз соққылар жаудырды. Байкенже қашықтықтан денені көздеп соққы жасау арқылы ұпай жинауға тырысты. Ал Оралбай өз кезегінде қарсыласының қорғанысын бұзып, бастан ұруды жөн көрді. Екінші раунд та 5:0 есебімен қазақстандықтың еншісіне берілді.

Үшінші раундқа қытайлық спортшы белсенді прессингпен шықты. Ол Оралбайды арқанға ығыстырып, қорғанысын бұзып өтуге тырысты. Соңғы минутта қазақстандық боксшы күтпеген соққы жұмсап, рефери Байкенжеге нокдаун есептеді.

Осылайша, Айбек Оралбай 5:0 есебімен жеңіске жетіп, Азия чемпионатының алтын медалін жеңіп алды.

Еске сала кетейік, жартылай финалда Айбек Оралбай түрікменстандық боксшы Дөвлет Исламовты айқын басымдықпен ұтқан болатын. Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті бірауыздан қазақстандық боксшыға берді.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Kazakhstan Boxing Federation (@boxingkazakhstan) жариялаған жазба

Бұған дейін бокстан Қазақстан ерлер құрамасына Азия чемпионатының алғашқы алтынын 60 келіге дейінгі салмақта Оразбек Асылқұлов сыйлаған болатын. Ал Төрехан Сабырхан өз финалында есе жіберіп, күміс жүлдені қанағат тұтты.

Қазақстан құрамасына екінші алтынды Сабыржан Аққалықов әкелді – ол да Өзбекстан өкілін тізе бүктірді.

Сонымен қатар Нұрбек Оралбай да өзбекстандық қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, алтын медаль алды.

Айта кетейік, кеше, 9 сәуірде Азия чемпионатында әйелдер арасындағы жекпе-жектер аяқталды. Сайыс қорытындысы бойынша Қазақстан әйелдер құрамасы 2 алтын (Надежда Рябец, Дина Исламбекова), 1 күміс (Бақыт Сейдіш) және 2 қола медаль (Валентина Хальзова мен Айгерім Сәттібаева) иеленді.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью