Айбын президенттік полкі 0112 әскери бөлімінің құрылғанына 30 жыл толды

20.12.2025

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі «Айбын» президенттік полкі, 01/12 әскери бөлімінің құрылғанына 30 жыл толды. Елордада мерейтойлық датаға орай өткен салтанатты шарада Президенттік оркестр ұжымдары мен солистері өнер көрсетті. 

Кешке әскери қызмет ардагерлері, қолбасшылары мен сарбаздар шақырылып, патриоттық рухтағы шығармалар орындалды. «Айбын» президенттік полкі тәуелсіздігімізбен қатар түлеп, әскерилер жоғары мемлекеттік оқиғаларды өткізуге асқан құрметпен атсалысып жүр. Әскери бөлімнің жеке құрамы мемлекет мүддесін қорғау жолында адал қызмет атқарып келеді.

Қайрат Молдабаев, ҚР Мемлекеттік күзет қызметі 0112 әскери бөлімінің офицері:

- Президент полкі 0112 әскери бөлімінің маңыздылығы Қазақстан Республикасында протоколдық іс-шараларды атқару, қорғалатын адамдар мен объектілерді қамтамасыз етеміз. Концерттің бастапқы іс-шарасы бұл жастарға деген үлгі, тәрбие. Әскери бөлімнің 30 жылдығына орай Астана қаласында қызмет еткен ардагерлерді, басшылықтар мен қолбасшыны, толық жеке құрамды 30 жылдық мерейтоймен шын жүректен құттықтаймын.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью