Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Партияаралық диалогта Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясының мүшесі Айдос Сарым ұлттық кодтың сақталуы ел тәуелсіздігі үшін маңызды екенін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Сонымен қатар спикер жаңа Конституцияның 3-бабы мемлекеттік саясаттың негізгі тірегі екенін айтты.
Онда егемендікті қорғау, ұлттық бірлікті нығайту және заң үстемдігін қамтамасыз ету басты қағидаттар ретінде бекітілген.
Құжат адам құқықтарын сақтауды, қоғамдық келісімді, халықтың әл-ауқатын арттыруды және білім мен инновацияға негізделген дамуды стратегиялық бағыт ретінде айқындайды.
Конституция тарихи сабақтастықты сақтай отырып, Қазақстанның ұзақмерзімді даму моделін белгілейді.
Дәл қазір «Жаңа Конституция – жаңа мүмкіндіктер» атты партияаралық диалогы өтіп жатыр.