Айдос Сарым цифрлық құқықтарды Конституцияда бекітудің мәнін түсіндірді

28.01.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Депутаттың айтуынша, қазіргі кезде қылмыс сипаты өзгеріп, заңбұзушылықтардың едәуір бөлігі интернет пен цифрлық ортаға ауысып келеді. Бұл жағдай жаңа құқықтық тәсілдерді талап етті.

– Қазір қылмыстың басым бөлігі цифрлық кеңістікке көшіп барады. Интернетте қылмыс жасау үшін күш қолданудың қажеті жоқ, тек тетігін білсең жеткілікті. Адамның цифрлық құқықтары оның физикалық құқықтарымен бірдей қорғалуы керек деген ұстаным ұсынылды, - деді Айдос Сарым.

Сонымен қатар ол цензураның сөз бостандығы мен баспасөз еркіндігін шектеуге бағытталмағанын атап өтті. Оның айтуынша, Конституцияда цензураға тыйым салу, ой еркіндігі мен сөз еркіндігі қағидаттары өзгеріссіз сақталады.

Одан бөлек, депутат халықаралық құқықта көзделген белгілі бір шектеулерге де тоқталды. Мұндай нормалар адамның өміріне немесе мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төнген жағдайда ғана қолданылуы мүмкін.

– Бұл халықаралық стандарттарда бар қағидаттар. Біз оларды ұлттық заңнамаға сәйкестендіру мәселесін қарастырып отырмыз, - деп түйіндеді Айдос Сарым.

Айта кетейік, бұған дейін ол Конституциялық реформалар жөніндегі комиссиясының 3-отырысында Құрылтай депутаттарының өкілеттіктері артатынын айтқан еді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью