Айдос Сарым Конституциялық комиссия жөнінде: көптеген ойлар, ұсыныстар жүзеге асты

11.02.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

- Конституциялық комиссия құрылғалы бері 12 отырыс өткіздік. Ол отырыстардың барлығы халықтың көз алдында, яғни ашық әрі айқын өтті, барша ел аумағында трансляцияланды. Оның сыртында сағаттап өткен, түнге қалған жұмыс секциялары мен редакциялық алқаның, үлкенді-кішілі жиналыстардың саны қаншама? Арасында ой мен сөз таластырып, кешенді мәселелер бойынша талай пікірталас өтіздік. Алайда, халық алдындағы тарихи миссиямызды терең түсініп түйсінгендіктен, Президент құрылтайда айтқан идеяларды іске асыру мақсатында қажетті мәмлеге келе білдік. Қиыннан қиыстырып, ұтымды ұсыныстар жасай алдық. Сонымен қатар, осы күндері ел болашағына шынайы алаңдаушылығын танытып, электронды платформалар арқылы ой бөліскен 10 мыңнан астам адамға, саяси партиялар мен қоғамдық ұйым өкілдеріне де зор алғысымды айтқым келеді. Көптеген ойлар, ұсыныстар жүзеге асты. Сөзбе-сөз болмаса да, Ата Заңға енді, - деді А.Сарым.

Осы орайда ол барша ұсыныс берген азаматтардың аты аталып, оларға Конституциялық Сот атынан немесе Конституциялық комиссия атынан ресми түрде алғыс айтылып, «алғыс хат» берілсе екен деген ұсынысын жариялады.

- Осы ортақ жұмыс үшін залда отырған комиссия мүшелеріне, күні-түні біздерге қызметін аямаған және қажырлы еңбек еткен Конституциялық Сот, Мәжіліс пен Сенаттың, Президент Әкімшілігінің, Үкімет аппаратының, Бас прокуратураның, Әділет министрлігінің, әкімдіктер мен мәслихаттардың, жоғары оқу орындарының, ғылыми институттардың жауапты қызметкерлеріне рахмет айтқым келеді. Нәтижесінде, мыңдаған ел азаматының белсенді қызметінің арқасында дүниеге жаңа Конституция жобасы келді, - деді депутат.

Бұған дейін Конституция жобасы бойынша 10 мыңнан астам өтініш түскенін жазған едік. 

Айта кетейік, 31 қаңтарда Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия Қазақстан Республикасының жаңа Ата Заңының жобасын жариялады. 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью