Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Бұндай ойды Мәжіліс депутаты Айдос Сарым Конституциялық реформа жөніндегі «Референдум-2026» онлайн-марафонында айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
- Менің ойымша, әрбір қоғам ерте ме, кеш пе, белгілі бір уақыт сайын өзіне-өзі бір сұрақтарды қойып, «Біз қайдан шықтық?», «Қай жаққа бара жатырмыз?», «Біз кімбіз?» деген үлкен философиялық сұрақтарға нақты жауап. Біз көріп отырмыз, әлем өзгеріп жатыр. Кеше ғана Мюньхендегі әлемдік конференцияда қатысқан мемлекет басшылары айтып жатыр. «Әлем өзгеріп жатыр, біз соған бейімделу жолын іздеп жатырмыз» дейді. Қазақстан осындай геосаяси кеңістікте тұрғандықтан, бұл қадамдарды бәлкім ертерек жасап жатқан шығармыз. Сол себепті бір жағынан әлемге бейімделу, халықты осы әлемге бейімдеу, осы қиындықтардың алдын алу, оларды болдырмау деген сияқты үлкен дүниелерге арналған жалпыұлттық жауабымыз. Өмірдің өзі осыған алып келді деп айтуға болады,-дейді Айдос Сарым.
Сонымен қатар сарапшы Қазақстан экономикасына енді мұнайға емес, адамның энергиясына негізделген экономика керегін айтты.
- Біз бір дәуірді аяқтадық. Біз Қазақстандағы мұнай дәуірін аяқтадық. Мұнайды табу қала беретін шығар, бірақ жаңағы диджитал заманының келуінің екінші жағы да бар. Бізге қазір енді мұнайдың энергиясына емес, адамның энергиясына негізделген экономика керек.
Біздегі қазір шағын және орта бизнестің үлесі қырық пайызға жетті. Бұл — үлкен жетістік. Бірақ бұдан да артуы керек. Сонда ғана біздің экономика да, біздің мемлекет те қарапайым халыққа тәуелді болады. Сол кезде ғана осының бәрі бір-бірімен астасып, бір-бірін қолдап жатады.
Конституцияның үлкен бір өзгерісі бар. Бір бапта бұрын: «Биліктің қайнар көзі — халық» дейтінбіз. Енді біз «Егемендіктің де қайнар көзі мен қорғаны — халық» дейміз. Яғни жауапкершілікті бөлетін, жауапкершілікті ортақ ететін дәуірге келдік,-дейді депутат А. Сарым.