Әйел күйеуінің шоттарын тексеремін деп, Конституциялық сотқа дейін жетті

11.03.2026

Tengrinews.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Конституциялық сот ерлі-зайыптының банк құпиясына қол жеткізу мәселесін қарайды. Сот азаматтың өтініші негізінде "Банктер және банк қызметі туралы" заңның 50-бабы 4-тармағының Конституцияға сәйкестігін тексереді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Конституциялық сот ерлі-зайыптының банк құпиясына қол жеткізу мәселесін қарайды. Сот азаматтың өтініші негізінде "Банктер және банк қызметі туралы" заңның 50-бабы 4-тармағының Конституцияға сәйкестігін тексереді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәселенің мән-жайы

Баспасөз қызметі мәліметінше, аталған нормаға сәйкес, банк құпиясы болып саналатын мәліметтер тек клиенттің өзіне немесе шот (мүлік) иесінің келісімімен ғана үшінші тұлғаға ашылуы мүмкін.

Әйелдің пікірінше, бұл ереже іс жүзінде ерлі-зайыпты бірінің ортақ жинақ туралы ақпарат алу мүмкіндігін шектейді және ерлі-зайыптының ортақ мүлкіндегі үлеске құқықты іске асыруға кедергі келтіреді.

Істің мән-жайы

Өтініште некені бұзғаннан кейін ортақ мүлікті бөлу туралы талап-арыз дайындау барысында өтініш беруші бұрынғы жұбайының неке кезеңінде жинақтаған қаражаты туралы мәліметтерді ала алмағаны көрсетілген.

Осыған байланысты әйел екінші деңгейдегі банктерге қатысты тиісті ақпаратты ұсыну міндетін жүктеу туралы талап-арызбен сотқа жүгінген. Алайда сот талаптарды қанағаттандырудан бас тартқан.

Келесі қадам

Отырысқа өтініш иесі мен оның заң кеңесшісі, Парламент палаталарының, Бас прокуратураның, Ұлттық банктің, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің, Әділет министрлігінің, Заңнама және құқықтық ақпарат институтының, сондай-ақ Парламентаризм институтының өкілдері қатысты.

Конституциялық соттың қорытынды шешімі Конституциялық заңның 65-бабына сәйкес Конституциялық соттың ресми сайтында, сондай-ақ "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью