Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Қазақстан күрес федерациясының хабарлауынша, әйелдер күресінен 17 жасқа дейінгі додада Алматы қаласының спортшылары жалпы есепте бірінші орынды жеңіп алды. Ал Түркістан обылысы мен Жетісу обылысы үздік үштікті түйіндеді.
Әйелдер күресі (U17) жеңімпаз-жүлдегерлер:
40 келі
Айару ИЛИЯС (Алматы қ.)
Айша ТАЛҒАТҚЫЗЫ (Алматы қ.)
Амина НҰРЖҰМА (Жетісу обл.)
Руслана САЛИЕВА (Ақмола обл.)
43 келі
Қарашаш ҚУАНЫШҚЫЗЫ (Қызылорда обл.)
Жанаргүл АМАНҒАЛИ (БҚО)
Виталина КАЗАКУ (Қостанай обл.)
Данара ДАЙРБЕКОВА (Алматы қ.)
46 келі
Інжу БАҚҚОЖА (Алматы қ.)
Раян ЖАМСАПҚЫЗЫ (Қызылорда обл.)
Ангелина СЕЛЕЗНЕВА (Маңғыстау обл.)
Дарья ГРАБ (Қостанай обл.)
49 келі
Аянат МЕЙНАМБАЙ (Алматы қ.)
Мадина ТОКУШЕВА (Алматы обл.)
Аружан ТАЛҒАТБЕК (СҚО)
Ксения ЯЩУК (Қостанай обл.)
53 келі
Арайлым КӨПЖАСАР (Түркістан обл.)
Карина ДЬЯЧЕНКО (Павлодар обл.)
Фариза ХАСЕНОВА (Абай обл.)
Гауһар НҰРГЕРЕЕВА (БҚО)
57 келі
Арина КУАНЫШОВА (Маңғыстау обл.)
Аружан БАҚЫТНҰР (Жетісу обл.)
Бибінұр МАҒРҰП (Алматы қ.)
Назерке ОРАЗБЕКОВА (Түркістан обл.)
61 келі
Айгерім ПОЛАТБАЙ (Жетісу обл.)
Руфия НҰРДИНОВА (Қызылорда обл.)
Амина СЕРІКБАЙ (Алматы қ.)
Аружан ОРАЗБЕКОВА (Түркістан обл.)
65 келі
Айша ӘБДІМӘЛІК (Астана қ.)
Гүлім МҰХАМЕТЖАН (Жетісу обл.)
Ұлдана САДИР (Түркістан обл.)
Жаннұр ЖЕТІБАЙ (Қызылорда обл.)
69 келі
Флюк ХАДИША (Қарағанды обл.)
Ольга ЕГОРОВА (ШҚО)
Вероника КЛЮЕВА (СҚО)
Мия МИКАИЛОВА (Маңғыстау обл.)
73 келі
Бағжан ҚҰРМАНБАЙ (Алматы обл.)
Марьям ФЛЮК (Қарағанды обл.)
Мүслима ДҮЙСЕМБЕКОВА (Қарағанды обл.)
Даяна ТАЛҒАТҚЫЗЫ (Алматы қ.)
Фото: ҚР Күрес федерациясыАйта кетейік, 2026 жылғы 21 ақпан - 2 наурыз күндері аралығында Астанадағы Qazaqstan жеңіл атлетика спорт кешенінде грек-рим еркін және әйелдер күресінен 17 жасқа дейінгі және 20 жасқа дейінгі балуандар арасында Қазақстан чемпионаты өтеді.
Біріншілікке еліміздің барлық аймағынан 1200-ден астам балуан бақ сынап жатыр. Әр салмақ дәрежесінде үздік шыққан спортшылар Қазақстан құрамасының сапына қосылып, ресми чемпионаттарда ел намысын қорғайды.
Сонымен қатар, бұл чемпионатта отандық күрестің тарихында тұңғыш рет жүлдегерлерге сыйақы табысталып, жалпы жүлде қоры 60 млн теңгені құрап отыр.
Жас балуандарды қолдау және олардың кәсіби өсуін ынталандыру мақсатында Қазақстан күрес федерациясы U-17 жас санатындағы ел чемпиондарына 300 000 теңге көлемінде ақшалай сыйақы тағайындады. Ал U-20 жас санатындағы Қазақстан чемпиондарына 500 000 теңге көлемінде сыйақы қарастырылған.
Осыған дейін еркін күрес шебері Болат Сақаев Албаниядағы турнирде қола медаль жеңіп алғаны туралы жаздық.