Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Былтыр Иорданияның астанасы – Амманда әйелдер күресінен өткен жарыста Жәмиля Бақбергенова (72 кг) алтыннан алқа тақса, Зейнеп Баянова (53 кг) қолаға қол созды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ал биылғы нәтижеміз одан да төмен болды. Жоғарыда есімдері аталған қос балуан алғашқы айналымнан аса алмады. Жаһандық жарыстарда үнемі жүлдегерлер қатарынан көрініп, Азияда алдына жан салмай жүрген Жәмиля ойда-жоқа үндістандық Харшита Харшитадан бір ғана ұпай ұтылды. Жуырда Тирандада Мұхаммед Малоның турнирінде топ жарып, бабының жақсы екенін байқатқан Зейнеп Бішкекте білгенінен жаңылды. Ол әлем және құрлық чемпионы, жапониялық Мое Киюоокаға жарытып қарсылық көрсете алмады. Сондай-ақ, Шұғыла Өмірбек (55 кг), Нилуфар Раимова (57 кг), Виктория Хусаинова (59 кг) және Айжан Сүйдуова (65 кг) тұсаукесер кездесулерінде жеңілістің кермек дәмін татты.
Марал Тәңірбергенова (50 кг) мен Елена Шалыгина (68 кг) да «шу» дегеннен сүрінді. Оларды ұтқан спортшылар финалға шыққанының арқасында жерлестерімізге үшінші орын үшін таласуға жол ашылды. Бірақ бұл мүмкіндікті екеуі де ұтымды пайдалана алмады. Марал қытайлық Зигу Фенгке оңай ұтылды. Жасы 40-қа таяған Еленаны моңғолиялық Делгерма Енхсайхан тушеге қойды.
Қырғызстанның астанасында өнер көрсеткен 10 бұрымдымыздың тек екеуі ғана жартылай финалға дейін жетті. 76 кг салмақтағы Гүлмарал Еркебаева Оңтүстік Кореяның өкілі Еунжу Хванды қапы қалдырып, қола медальді еншіледі. Ал 62 кг салмақ дәрежесінде бақ сынаған Тыныс Дүбек үшінші орын үшін бәсекеде моңғолиялық Цереншимед Секхенің осал тұсын таба алмады. Сөйтіп, Қырғызстан сапарынан Қазақстанның әйелдер құрамасы жалғыз жүлдемен оралды.
Жалпы командалық есепте Қытай (5+1+4) озды. Аспанасты елінің арулары барлық салмақта жүлде алды. Жапония (3+4+2) екінші орында қалып қойды. Ал Қырғызстан (1+1+3) мен Моңғолия (1+1+3) үшінші және төртінші орынды өзара бөлісті. Одан бөлек, Солтүстік Корея (0+2+0), Үндістан (0+1+4), Өзбекстан (0+0+2), Қазақстан (0+0+1) және Оңтүстік Кореяға (0+0+1) жүлде алу бақыты бұйырды.
Әйелдер күресінен Азия чемпиондары
50 кг – Юи Сусаки (Жапония), 53 кг – Жин Жанг (Қытай), 55 кг – Совака Учида (Жапония), 57 кг – Кексин Хон (Қытай), 59 кг – Менжу Хие (Қытай), 62 кг – Нонока Озаки (Жапония), 65 кг – Лили Лили (Қытай), 68 кг – Мейірім Жұманазарова (Қырғызстан), 72 кг – Жия Лонг (Қытай) және 76 кг – Даваанасан Енхамар (Моңғолия).
Соңғы жаңалықтар
Астанадағы балалар ауруханасында өрт шықты
Оқиға • Бүгін, 14:50
UWW президенті Ненад Лалович Қазақстанға келді
Қоғам • Бүгін, 14:23
Қала көркіне айналмақ эко-парк
Экология • Бүгін, 13:23
12 сәуір – Ғылым қызметкерлерінің күні
Президент • Бүгін, 12:25
Адамзаттың ғарыш көгіне самғағанына – 65 жыл
Технология • Бүгін, 12:10
Астанада өткен Nobel Fest x Teachers’ Summit форумында не айтылды?
Ғылым • Бүгін, 11:22
Қазақстанда ғалымдардың табысы қандай?
Ғылым • Бүгін, 11:11
Ғылым – ұлттық қуаттың интеллектуалды қалқаны
Ғылым • Бүгін, 11:01
Айды зерттеу: Қазақстан ғылымындағы ізденістер
Ғылым • Бүгін, 10:20
Астанада пәтерден шыққан өрттен үш бала қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 10:03
Астана мен Алматыда доллар қаншадан сатылып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:38
Мемлекет басшысы Пасха мерекесімен құттықтады
Президент • Бүгін, 09:20
Қазақстан мен Өзбекстан президенттері жасанды интеллект хакатонына барды
Президент • Кеше
Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевқа бірқатар тарихи құжатты тапсырды
Президент • Кеше
Қазақстан мен Өзбекстан мемлекеттерінің басшылары Бұхарадағы Ахуалдық орталыққа барды
Президент • Кеше