Әйелдердің біреуін шәкіртке беруге болады : видео авторы жауапқа тартылды

29.03.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

АСТАНА, 29 наурыз – Sputnik. Алматы полициясы желіде тараған видеоның авторы жауапқа тартылғанын хабарлады.

Желіде өзін діни ағым өкілі ретінде таныстырған азаматтың қатысуымен түсірілген бейнематериал тарады. Онда заңға қайшы келетін пікірлер айтылған. Соның ішінде өз әйелдерінің біреуін шәкіртіне беру туралы сөздер де бар. Сондай-ақ конфессияаралық келісімге кері әсер етуі мүмкін мәселелер қозғалған.

Алматы қаласының дін істері басқармасы оған қатысты шара қабылдады. Атап айтқанда, видео кейіпкеріне діни қызмет саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін айыппұл салынды. Сонымен қатар, аталған азаматтың ресми діни қызметкерлер қатарына жатпайтыны белгілі болды.

Ал полиция видео авторын жауапқа тартты. Себебі айтылған пікірлердің мазмұны үшін оның авторы жауапты болғанымен құқық бұзушылық белгілері бар материалдарды таратқаны үшін жауапкершілік бар.

Айта кетері, ондай құқық бұзушылық үшін айыппұлдың көлемі 25 АЕК-ті (108 125 теңгені) құрайды.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью