Әйелдердің қоғамдағы көшбасшылық рөлі арта түседі деген сенім бар Қарақат Әбден

15.03.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

– Бүгінде қоғам айтарлықтай өзгерді. Белсенділік тек бизнесте ғана емес, саясатта да айқын байқалады. Жалпы қоғам серпінді дамып келеді. Соның ішінде әйелдердің белсенділігі де артып отыр. Қазақтың қыз-келіншектері қашанда еркіндікті қадірлеген. Ешкімді ренжіткім келмейді, дегенмен қазақ әйелінің орны тарихта да, қазіргі қоғамда да ерекше екенін айту керек. Алайда бүгінгі статистика көңіл көншітпейді. Мұны ашық айтуымыз қажет. Қазіргі таңда Парламенттегі әйелдердің үлесі 18 пайыздан аспайды. Ал билік құрылымдарына, Үкіметтегі әйелдердің санына келсек, олардың үлесі 20 пайыздан жоғары емес. Бұл – өте маңызды мәселе, - деді Қарақат Әбден.

Осы тұста спикер аталған мәселе Мемлекет басшысының назарында екенін атап өтті. 2022 жылы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық әйелдердің көшбасшылық деңгейі 30 пайыздан төмен болмауы тиіс екенін айтқан болатын.

– Мемлекет басшысының бұл талабы бизнеске де, саясатқа да, жеке және мемлекеттік секторға да қатысты. Осы бағытта нақты міндеттер қойылып, жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Алдағы уақытта бұл көрсеткіштер реттеліп, әйелдердің қоғамдағы көшбасшылық рөлі арта түседі деген сенім бар, - деді Мәжіліс депутаты.

Айта кетейік, жақында әлемде парламенттегі әйелдер үлесі ең көп өскен елдер анықталды. 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью