Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Алматы полициясы әлеуметтік желіде дау тудырған видеоға қатысты шара қабылданып, оның авторы жауапқа тартылғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
YouTube платформасында өзін діни ағым өкілі ретінде таныстырған азаматтың қатысуымен түсірілген бейнематериал тараған. Видеода заңға қайшы пікірлер айтылып, оның ішінде әйелдерінің бірін шәкіртіне беру туралы даулы мәлімдеме болған. Сондай-ақ конфессияаралық келісімге кері әсер етуі мүмкін ойлар қозғалған.
Алматы қаласының Дін істері басқармасы аталған жағдай бойынша тексеру жүргізіп, тиісті шаралар қабылдады. Нәтижесінде, видео кейіпкеріне діни қызмет саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін айыппұл салынды. Сонымен қатар оның ресми діни қызметкер емес екені анықталды.
Полиция мәліметінше, айтылған пікірлер үшін негізгі жауапкершілік авторға жүктеледі. Сондықтан құқық бұзушылық белгілері бар материалды таратқаны үшін видео авторы да әкімшілік жауапқа тартылған.
Айта кетейік, мұндай құқық бұзушылық үшін 25 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған (108 125 теңге).