Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
АСТАНА, 10 қаңтар – Sputnik. Талдықорған тұрғыны әйелін көлігінің жүк салғышына салып тасыған, деп хабарлайды Жетісу облыстық полиция департаменті.
Toyota Camry жүргізушісі әйелді көліктің жүк салғышында тасымалдады деген хабарлама полицияға түскен. Тәртіп сақшылары көлікті тоқтатып, жүргізушіні полицияға жеткізді.
"Ол орта дәрежеде алкогольдік мас күйде болған. Әйелді жүк салғышта тасымалдау және ұрлау фактілері расталған жоқ", - дейді полицияда.
Полицияның айтуынша, ерлі-зайыпты сөзге келіп, алдыңғы жолаушылар орындығында отырған әйел көліктен өз еркімен шыққан.
Көлік құралын алкогольдік мас күйде басқару фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалды.