Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Соңғы жылдары осы өзгерістің айқын көрінісі ретінде «Артемида» бағдарламасы аталып жүр. Бұл бастама Айға қайта баруды ғана емес, оны болашақ миссиялар үшін стратегиялық алаңға айналдыруды көздейді, яғни, Ай енді мақсат емес, құрал. Ал түпкі меже — Марс.
Қызығы, қазіргі ғарыш жарысы бұрынғыдай тек мемлекеттердің бедел бәсекесі емес. Ойын алаңына жеке компаниялар шықты. SpaceX пен Blue Origin секілді ойыншылар технологияны жедел дамытып, ғарышқа ұшуды бұрынғыдан әлдеқайда қолжетімді етті. Бұл өз кезегінде саланың қарқынын еселеп отыр.
Фото: instagram.com/spacexБәсекенің жаңа нүктесі де анық — Айдың оңтүстік полюсі. Ғалымдар бұл аймақта су мұзының мол қоры болуы мүмкін екенін айтады. Ал су — ғарыштағы ең құнды ресурстардың бірі. Ол тек тіршілік көзі ғана емес, сутегі мен оттегіге бөлініп, зымыран отынына айналады. Демек, Айдағы мұз — ертеңгі ғарыш экономикасының өзегі.
Осы тұста жаңа «ай жарысы» да айқын байқалады. АҚШ-пен қатар Қытай да өз бағдарламаларын күшейтіп, Айға адам жеткізуді жоспарлап отыр. Бұл бәсеке енді тек ғылыми жетістік үшін емес, геосаяси және экономикалық ықпал үшін жүріп жатыр.
Фото: Freepik, AIАлайда технологиялық серпін құқықтық вакуумды да айқын көрсетті. 1967 жылғы Ғарыш туралы келісім ғарышты ешкімнің меншігі емес деп жариялағанымен, бүгінгі шындық одан күрделірек. Ұлттық заңдар арқылы кейбір елдер өз компанияларына ғарыш ресурстарын игеруге құқық беріп отыр, яғни, қағаз жүзінде ортақ кеңістік болғанымен, іс жүзінде оған иелік ету басталып кеткен.
Тағы бір түйткіл — жауапкершілік. Егер орбитада апат болса немесе ғарыш қоқысы зиян келтірсе, жауапты кім? Мемлекет пе, әлде нақты операцияны жүргізген компания ма? Бұл сұрақтың да жауабы әзірге нақты емес.
Сондықтан сарапшылар жаңа ережелер қажет екенін ашық айтып отыр: ғарыш ресурстарын пайдалану тәртібі, жеке компанияларды бақылау, орбитаның экологиясын қорғау — мұның бәрі халықаралық деңгейде қайта қаралуы тиіс.
Коллаж: Kazinform/ Midjourney/ Nano BananaҚысқасы, адамзат Айға қайта бет алды. Бірақ бұл жолы тек із қалдыру үшін емес — орнығу үшін. Ал орнығу басталған жерде, ерте ме, кеш пе, ережелер де қайта жазылады.
Егер ғарыштағы жаңа жарыс, «Артемида» бағдарламасы және оның құқықтық қырлары туралы толығырақ білгіңіз келсе, Jibek Joly арнасындағы «Талдау» бағдарламасын көре аласыздар.
Бұдан бұрын «Артемида-2» миссиясымен Айға кеткен астронавтар Жерге оралғанын жазған едік.