Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Танымал әртіс, әнші Айгүл Иманбаева әкесімен арадағы қарым-қатынасы туралы сыр шертті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Ол өзі бұрынғы берген сұхбатында ата-анасы ажырасқаннан кейін әкесімен 40 жыл бойы араласпағанын және оған деген ренішін жасырмады.
«Әке-шешем ажырасқаннан кейін әкеммен 40 жыл араласпаған адаммын. Әкеме өкпем қара қазандай болды. Неге, кімге ренжіп жүргенімді өзім де білмеймін. 40 жылдан кейін өзіммен тынымсыз жұмыс істеудің арқасында әкеммен табыстым», – деді әнші.
Айтуынша, әкесімен қайта қауышқан сәт оның өміріндегі ең әсерлі кезеңдердің бірі болған.
«40 жылдан кейін Лондонға кетер алдында концерт бергенімде әкем төрде отырды. Концерттен кейін ол: “Айгүл, қызымды өз үйіріне қостым. Сенімен табыстым. Енді мен өлсем арманым жоқ, барлық арманым орындалды”, – деді», – деп еске алды Айгүл Иманбаева.
Әншінің айтуынша, бұл кездесуден кейін көп ұзамай әкесі өмірден өткен.
«Мен оқуға кеткеннен кейін әкем қайтыс болды. Сол кезде “бар арманым орындалды” деген сөзді айтпау керек екенін түсіндім», – деді ол.