Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Оның айтуынша, Мемлекет басшысы жаңа Конституция Қазақстанның жаңа дәуіріне жол ашатынын атап өтті. Сондай-ақ қазақстандықтардың ел тағдырына ортақ жауапкершілік пен бірлік танытқанын ерекше айтты.
— Ұлттың болашағы біліммен, ғылыммен, инновациямен тікелей байланысты. Көптеген елдердің қарқынды дамуы жан-жақты зерттелген. Әртүрлі ғалымдар әртүрлі факторларды атайды. Дегенмен бәрін жинақтасақ, ортақ заңдылық анық көрінеді. Жапония, Сингапур, Еуропа елдерінің тәжірибесі көрсеткендей, табыс пен даму үш негізгі тірекке сүйенеді: тәртіп пен меритократия (заң), білім мен құндылықтарға инвестиция, құндылықтардың жаңғыруы (ағарту), және тұлғадан биік тұратын мықты институттар. Дәл осы құндылықтар жаңа Конституцияда көрініс тапқан, — деп жазды депутат Telegram-дағы парақшасында.
Сонымен қатар, Аймағамбетов атап өткендей, енді жаңа Конституция нормаларын нақты заңдарға айналдыру маңызды. Және де сол заңдардың өмірде шын мәнінде, мүлтіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуіміз керек.
— Қазіргі заманда жасанды интеллектті игеру ғана емес, оны дұрыс бағытта қолдана білу де шешуші факторға айналып отыр. Ең маңыздысы әлі алда. Дауыс беру — өте маңызды қадам. Бірақ ол бір күн ғана. Ал Конституция күн сайын жұмыс істеуі керек. Мұғалімнің сыныбында да, ауруханада да, сот залында да, мемлекеттік қызметшінің кабинетінде де. Енді оның нормаларын нақты заңдарға айналдыру маңызды. Және де сол заңдардың өмірде шын мәнінде, мүлтіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуіміз керек. Бұл үшін басқару мәдениетін өзгерту, заңды бәріне бірдей қолдану, институттарды нығайтуымыз қажет. Бұл — биліктің де, азаматтардың да ортақ ісі, — деп түйіндеді ол.
Бұған дейін Мемлекет басшысы Қазақстанның жаңа Конституциясын іске асыру жөніндегі шаралар туралы Жарлыққа қол қойды.
Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Конституция 1 шілдеден бастап ресми түрде күшіне енетінін айтты.