Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Ертіс-Баян өңірінің жұртшылығы ала таңнан дауыс беруге ағылды. Облыстық аумақтық референдум комиссиясының мәліметінше, аймақта бұл күні 520 референдум комиссиясы жұмыс істеген.
Референдум учаскелерінің әрқайсысы қажетті құралдармен, әр азамат өз қалауы бойынша жаңа Конституция жобасымен таныса алатын ақпараттық стендтермен жабдықталды.
«Өңірде шамамен 500 мыңдай адам дауыс беру құқығына ие. Тізімде 26 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі жан тіркелген болса, олардың ішінде 3 200 адамға ерекше жағдай қажет. Арбаға таңылғандар – №305, көру қабілеті нашар дауыс берушілер – №365, ал есту қабілеті нашар дауыс берушілер №293 учаскеде дауыс бере алады. Учаскелердің басым бөлігі пандуспен жабдықталып, арнайы бағыттағыштар орнатылған. Сондай-ақ көру қабілеті бұзылған сайлаушылардың дауыс беруге өз бетінше қатысуына мүмкіндік беретін Брайль шрифтімен жазылған 520 бюллетень трафареті дайын тұр. Тұрғындар таңертеңнен белсенділік танытып жатыр», деп атап өтті облыстық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Гүлнар Аманжолова.
Қазақстанның Еңбек Ері, «Тәуелсіз Қазақстанның Халық Батырлары» қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының төрағасы Рышат Әміренов Екібастұз қаласындағы №373 учаскеге алғашқылардың бірі болып келді.
«Көмір өнеркәсібінде 38 жыл еңбек еттім. Адал еңбек маңызды. Ата заңымыз негізінде адам және адами құндылықтар, билік тармақтарының теңгерімі, заң үстемдігі мен әлеуметтік әділеттілік қағидаттары жатыр. Біз орта жастан асып, ақсақалдық жасқа жетіп қалдық. Қоғамның ендігі кілті – балаларымызда. Ал Конституция оларға қызмет етуі керек. Сондықтан бүгін өз таңдауымды жасауға келдім», дейді ол.
Рышат Бабайұлының ұл-қыздары да көмір өнеркәсібінде қызмет етіп жүр. Олардың арасында механик, бұрғылаушы, маркшейдер, электрик мамандары бар. Әулеттің саладағы жалпы еңбек өтілі 270 жылдан асып отыр.
Ал таңдауларын жасаған егіз ару Айман мен Шолпан Амангелдиевалардың жасы 20-да. Қос ару Өзбекстанда дүниеге келіп, 2018 жылы отбасымен Қазақстанға қоныс аударған. №529 референдум учаскесінде дауыс берген егіздер қолдарындағы бюллетеньдерін «еліміздің ертеңі баянды болсын» деген тілекпен жәшікке салды.
Атап өтерлігі, денсаулығына байланысты үйден дауыс беруді қалағандар бұл күні 12.00-ге дейін тиісті референдум учаскесіне хабарласып, өтініш қалдыра алды. Қаладағы қоғамдық көліктер жолаушыларды тегін тасымалдады. Сондай-ақ инватаксилер тегін қызмет көрсетті.
Павлодар облысы
Соңғы жаңалықтар
Тоқаев: Дауыс берушілер саны бойынша ең жоғары рекордтық көрсеткіш тіркелді
Президент • Бүгін, 03:15
Бұл мәселе бойынша ешқандай күмәнім жоқ: Президент экзит-полл қорытындысымен танысты
Президент • Бүгін, 03:10
Елена Рыбакина Индиан-Уэллс турнирінің финалында жеңіліп қалды
Теннис • Бүгін, 02:51
Мемлекет басшысы: 15 наурыз – Конституция күні болып белгіленеді
Президент • Бүгін, 02:23
Референдум-2026: Үшінші Exit poll нәтижелері жарияланды
Референдум • Бүгін, 02:05
«Социс-А» Еxit poll нәтижесін жариялады: Азаматтардың 87,4%-ы жаңа Конституцияны қолдаған
Референдум • Бүгін, 01:58
Референдум: Желіде жалған ақпараттық шабуылдар тіркеліп жатыр
Референдум • Бүгін, 01:03
Қостанай облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдар жабылды
Ауа райы • Бүгін, 00:40
Exit poll нәтижесі: Ел тұрғындарының 86,7%-ы жаңа Конституцияны қолдады
Референдум • Бүгін, 00:25
Қазақстан бокс құрамасы Futures Cup турнирінде үш алтын медаль жеңіп алды
Бокс • Кеше
Алматылықтар соңғы 5 жылдағы ең жоғары дауыс беру белсенділігін көрсетті
Аймақтар • Кеше
ІІМ: Референдум учаскелерінде қоғамдық тәртіп бұзылған жоқ
Референдум • Кеше
16 наурызда елімізде ауа райы құбылмалы болады
Ауа райы • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз Иран халқына құрметпен қараймыз
Президент • Кеше
Референдум күні Алматыда 44 сәби дүниеге келді
Референдум • Кеше