Аймақтардың әлеуетін арттыруға ден қойылды

28.11.2025

24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Халықты инфрақұрылыммен біркелкі қамтамасыз ету мақсатында Үкімет биыл Өңірлік даму тұжырымдамасын бекітті. Құжат өңірлердің жай-күйі мен даму мүмкіндіктерін кешенді бағалауды көздейді.

Бұған сәйкес әлеуметтік-инженерлік объектілерге қол жетімділікті жақсартуға ерекше мән беріліп, Өңірлік стандарттар жүйесі негізінде келер жылдан бастап артта қалған аймақтардың бюджетін ұлғайтуға басымдық беріледі. Бұл шалғайда жатқан елді-мекендердің жағдайын жақсартуға үлкен жол ашары сөзсіз. Тұжырымдамаға сәйкес аудан әкімдерінің өкілеттіктері кеңейтіліп, оларға аудандардың дамыту жоспарын өз бетінше әзірлеуге және іске асыруға мүмкіндік беріледі.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью