АЙҚЫН ЛИТЕР ЖШС Құрылтай депутаттығына үміткерлерге газет пен сайт алаңын ұсынады

16.07.2026

Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

«АЙҚЫН-ЛИТЕР» ЖШС  сайлауға қатысу үшін партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттығының «AIQYN», «Литер» және «Turkistan» «www.aikyn.kz», «www.liter.kz» және «turkystan.kz» сайттарында интернет алаңын ұсынуының жалпы шарттары

                                                                    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

«АЙҚЫН-ЛИТЕР» ЖШС (бұдан әрі – Серіктестік) – «www.aikyn.kz», «www.liter.kz» және «turkystan.kz» сайттарының меншік иесі (бұдан әрі – Сайт) «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының конституциялық заңына сәйкес «Қазақстан Республикасының құрылтай сайлауын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 1 шілдедегі №1338 Жарлығымен тағайындалған 2026 жылғы 23 тамыздағы сайлауға қатысу үшін партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттығына саяси партиялардың (бұдан әрі – Саяси париялар) сайлау алдындағы үгіт материалдарын (бұдан әрі – Үгіт материалдары) орналастыру үшін сайтқа интернет алаңын беру төлемінің мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы хабардар етеді.

Партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сайлау алдындағы үгіті (тіркеу мерзімі аяқталған сәттен бастап) 2026 жылғы 23 шілдеде сағат 18.01-ден басталып, 2026 жылғы 22 тамызда сағат 00.00-де аяқталады, осылайша, үгіт материалдарын Сайтқа  орналастыру 2026 жылғы 23 шілдеде сағат 18.01-ден 2026 жылғы 22 тамызда сағат 00.00-ге дейін жүзеге асырылады.

Үгіт материалдарын орналастыру үшін Газеттегі баспа алаңдарын ұсыну Серіктестік пен Саяси партиялар уәкілетті өкілі арасында жасалған үгіт материалдарын орналастыру үшін газет баспа алаңын ұсыну туралы жазбаша шарт (бұдан әрі - Шарт) негізінде жүзеге асырылады. Саяси партиялардың уәкілетті өкілі Серіктестікпен жасалған шартқа қол қоюы Саяси партиялар Серіктестіктен сайлау алдындағы үгітті жүргізуге байланысты көрсетілетін қызметтерді қабылдауға келісімі болып табылады.

Интернет алаңың беру үшін ҚР Құрылтай депутаттығына, Серіктестікке келесі ақпаратты Серіктестік басшысының атына жазбаша өтінішпен ұсынады:

1) үгіт материалдарын орналастыру үшін баспа алаңын ұсыну жайлы жазбаша өтінішті беру, күні мен уақыты. Өтініш Саяси партиялардың жазбаша өтініштерін тіркеу журналында, Саяси партиялар үшін әрбір жазбаша өтінішке реттік нөмір беру және оның келіп түскен күні арқылы   Саяся партиялар жазбаша өтініштері журналында кезектілік тәртібімен тіркеледі;

2) Саяси партиялар жазбаша өтініш беретін уәкілетті (сенім білдірілген) тұлғаның Т. А. Ә.; 

3) тұлғаның жазбаша өтініш беруге өкілеттігін растайтын құжат, (сенімхат, жеке куәлік/паспорт,– уәкілетті (сенім білдірілген) тұлғаның тіркеу куәлігі; 

4) Орталық сайлау комиссиясының Саяси парияларды тіркеу туралы шешімінің көшірмесі; 

5) үгіт материалдары алып отырған алаңның жоспарланған көлемін көрсете отырып, жазбаша өтініштің мазмұны, орналастырулар саны, орналастырулар көлемі, кестесі (медиа-жоспар), орналастырудың болжамды күндерін көрсете отырып, мерзімді баспасөз басылымының (Газеттің) атауы көрсетілуге тиіс. Осы ұсыныстардың негізінде Серіктестік шартқа қосымша болып табылатын техникалық мүмкіндіктерді ескере отырып, баспа алаңдарын беру кестесін (медиа-жоспарын) әзірлейді.

6) Қағаздағы үгіт материалдары мәтінінің толық жазылуы (әрбір ұсынылған парақта партиялық тізімін ұсынған  саяси партияның уәкілетті (сенім білдірілген) тұлғаның қолы қойылған) электронды жеткізгіште болуы;

7) жазбаша өтініш ұсынған уәкілетті (сенім білдірілген) тұлғаның қолы; 

Жазбаша өтінішке сілтеме жасалған құжаттардың көшірмелері қоса беріледі.

Үгіт материалдарымен бірге сол материалдарда суреті көрсетілген тұлғалардың рұқсаты жазба түрінде ұсынылуы керек, егер олар қайтыс болған жағдайда мұрагерлердің рұқсаты болуы қажет. Кәмелет жасқа толмаған балалардың суреті қолданылған жағдайда, олардың ата-анасы/асырап алушы/қамқоршысының жазба түріндегі рұқсаты қажет.

Үгіт материалдарын орналастыру кезектілігін Серіктестік жазбаша өтініштердің келіп түсу тәртібімен белгілейді. Саяси париялардан өтініштер бір мезгілде түскен жағдайда Серіктестік сол күні жеребе тастайды. Жеребе тастауға баспа материалдарын орналастыру кезектілігіне дау айтатын Саяси партиялар мүддесін білдіретін уәкілетті тұлға және даудың тәуелсіз тарабы ретінде Серіктестіктің өкілі қатысады. Конверттер саны дауға қатысушылардың санына тең. Жеребе тастау аяқталғаннан кейін дауға қатысушылар мен Серіктестік өкілі жеребе хаттамасына қол қояды.

Үгіт материалдары Серіктестікке баннерлер және/немесе мақалалар түрінде беріледі.

Үгіт материалдары Серіктестікке пошта арқылы: reklama.liter@gmail.com. 

электрондық пошта мекенжайларына және/немесе электрондық тасымалдағышта қолма-қол Астана  қаласы, Д.Қонаев көшесі, 12/1, Р1 «АЙҚЫН-ЛИТЕР» ЖШС кеңсесі мекенжайы бойынша орналастыру күніне дейін 1 (бір) күнтізбелік күннен кешіктірмей (жұмыс уақыты ішінде сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін), мақалалар үшін – Word форматында, фотосуреттер үшін – JPEG, TIFF / баннерлер үшін – PSD , бейне үшін – MPEG 4 форматында ұсынылады.

Ұсынылған үгіт материалдарын Серіктестік Саяси партиялардың (журналистің, дизайнердің жұмысы) тиісті өтінімі бойынша бекітілген прайс-параққа сәйкес қосымша төлем үшін пысықтауы мүмкін.

Саяси партиялар үгіт материалдарын Сайтта жариялағанға дейін 4 (төрт) сағаттан кешіктірмей орналастыруға дайындалған үгіт материалдарын келіседі.

Үгіт материалдарында (жарияланымдарда) қаржыландыру көздері туралы ақпарат, ақпарат берген тұлғаның тегі қамтылуы тиіс.

Үгіт материалдарын ұсынған Саяси партиялар олардың мазмұнының Қазақстан Республикасы заңнамасының, оның ішінде авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігі үшін жеке жауапты болады.

Серіктестік, егер үгіт материалдарда республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгерту, оның тұтастығын бұзу, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыру, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұру, сондай-ақ заңдарда көзделмеген әскерилендірілген құралымдар құру идеяларын қамтыса, мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария ету, суицидті насихаттайтын, терроризмге қарсы операцияларды жүргізу кезеңінде олардың техникалық тәсілдері мен тактикасын ашатын ақпарат, есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды насихаттау, порнографиялық және арнайы жыныстық-эротикалық сипаттағы өнімдерді көрсетілген жағдайда, үгіт материалдарын қабылдаудан (жариялаудан) бас тартуға құқылы.

Серіктестік басқа Саяси партиялардың ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіретін ақпарат болған жағдайда үгіт материалдарын жариялаудан бас тартуға құқылы. Саяси партия Серіктестіктің талап етуі бойынша материалдардағы жоғарыда көрсетілген сипаттағы ақпаратты растайтын құжаттарды беруге міндетті.

Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген шарттар мен тәртіп бұзылған жағдайда, сондай-ақ тиісті шарттың талаптары бұзылған кезде үгіт материалдарын басып шығару жүргізілмейді.

Үгіт материалдарын «www.aikyn.kz», «www.liter.kz» және «www.turkystan.kz»  сайттарына орналастыру тәулік бойы 24 сағат, аптасына 7 күн жүзеге асырылады. Тарату байланыс қызметтерінің техникалық шектеулері ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жүзеге асырылады.

Үгіт материалдарын орналастыру Серіктестік ұсынған төлем шотының негізінде шот ұсынылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде алдын ала төлем бойынша жүзеге асырылады. Төлем Шартта және төлем шотында көрсетілген Серіктестіктің банктік деректемелеріне сәйкес жүзеге асырылады.

Жазбаша өтініштерді Серіктестік 2026 жылдың 20 шідесінен бастап, жұмыс күндері (сенбі, жексенбі, мереке күндерін қоспағанда) Астана қаласы, Д. Қонаев көшесі, 12/1, 228 «АЙҚЫН-ЛИТЕР» ЖШС кеңсесі бойынша 09 сағат 00 минуттан 17 сағат 00 минутқа дейін қабылданады. Тел.: +7(7172)76-84-66, : reklama.liter@gmail.com 

Жазбаша өтініштер интернет байланысы арқылы қабылданбайды.

Барлық материалдар «Материалды «___» саяси партиясы төледі» деген белгімен сүйемелденеді.

                                                                                                                                            «АЙҚЫН-ЛИТЕР» ЖШС

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью