Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Актриса Жанель Мақажан ауыр кезеңді бастан өткеріп жатқанын айтты, – деп жазды Aikyn.kz.
Ол әлеуметтік желідегі парақшасында ауыр сынаққа тап болғанын айтқан. Актриса жазбасында жақын адамнан қиянат көргенін меңзеген.
“Рухани ем алып жатырмын. Ешкімнің басына бермесін. Басымнан өтіп жатқан сынақты айтсам, шошисыздар. Адам баласы сонша зұлым болады деп кім ойлаған, екі дүниеде де жазасын алсын деп тілеймін. Өкінішке қарай, ең ауыр жамандық жақыныңнан келеді екен. Сіздің қорғаныңыз – Аллаға жақындау”, – деп жазды ол.
Желі қолданушылары актрисаға қолдау білдіріп, тілегін жазып жатыр.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.