Айтыс абызының асқар биігі

21.02.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Алматыда қазақ руханиятының көрнекті өкілі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, айтыс өнерінің жанашыры Жүрсін Ерманның 75 жылдық мерейтойына арналған «Ұлытаудан – Алатауға» атты концерт өтті. Республика сарайындағы мерекелік кеште Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды оқып, ыстық лебізін жеткізді. Ақынға Президент Жарлығымен берілген «Қазақстанның Халық жазушысы» құрметті атағының куәлігі салтанатты жағдайда табыс етілді.

«Халқымыз сізді беделді қоғам қайраткері әрі талантты публицист ретінде жақсы біледі және құрметтейді. Айтыс өнерін жаңғыртуға қосқан үлесіңіз айрықша. Ел бірлігі мен халықтар достығын арқау еткен шығармаларыңыз оқырманға жақын әрі тү­сінікті. Сізге зор денсаулық пен шығармашылық табыс тілеймін» делінген Пре­зидент құттықтауында.

Қасиетті Ұлытау топырағында дүниеге келіп, халықтық өнер­ді қайта тірілткен өнер жанашырының ерен еңбегі осы жылдарда айтыссүйер қауымның көз алдында өтті. Айтыс қайта түлеген тұста естияр баладан ең­кейген қарияға дейін ұлттық өнердің жанкүйеріне айналды. Ол Ұлытаудан Алатауға дейінгі дархан дала дарындарын танытып, қазақтың төл өнері – айтысты ғана емес, ұлттық руха­ния­тымыздың сан-саласына қан жүгіртіп, талай-талай өнер иесін бәйгеге қосты.

Айтыс өнерін өткен ға­сырдың 80-жылдарынан бас­тап телевизия саласына әкеліп, көрер­менмен қауыштырды. Бұқа­ралық сипат алып, рес­публикалық-телевизиялық айтыс қайта жанданды. Елдік мүдде, ерлік мұра, қоғамдық мәселелер, халықтың әлеуметтік тұрмысы, тіл, діл мен дін мәсе­лесі айтыс тақырыбына ар­қау болды. Осы жылдарда айтыс жаңа деңгейге көтерілді. Рухани мектепке айналды.

Руханият жанашыры ұйым­дастырушылық бастамасымен республикалық деңгейде айтыстар өткізіп, асыл мұрамызды жаңғыртты. Осы жылдарда от ауызды, орақ тілді ақындар көркем сөздің құнарын келтіріп, көрігін қыздырды. Айтыс өнері тәуелсіздіктен дейін жаңа сипатта дамыды. Ол аймақтағы ақындар мектебінің жандануына ықпал етті. Сөз сайысына түскен жас ақындар азат ой, еркін пікірлерімен көрермен жүрегіне жол тауып, елдік мәселелерді еркін жырлай бастады.

Жүрсін ақынның қаламынан туған жыр жинақтары, публи­цистикасы оқырманның ыс­тық ықыласына бөленді. Шығармаларында ұлттық рух, туған жерге деген сүйіспеншілік, елдік мұрат өрнектелді. Ол өлеңдеріне қоғам шындығын, адам тағдырын арқау етті. Ақын­ның тұңғыш өлеңдер жинағы – «Жанартау» 1983 жылы жарық көрді. Ізінше «Арайлы күн, армысың», «Ұлытауға бардың ба?..», «Екі тізгін, бір шылбыр», «Құдіретке жүгіну» сияқты бірнеше кітабы оқырманға жол тартты. Ақындар айтысы жинағын шығару, зерттеу ісі де үнемі қаперінде тұрды. Бір сұхбатында «Қаламға жас­тау кезде ұмтылғанда жазарым әлдеқайда көп болар ма еді. Десем де жазған дүниелерімнің өзіне ризамын» деген белгілі қаламгер айтыстың өз шығармашылығына әсері, ұлттық фольклорлық мұ­раларды игеруге ықпалы туралы жағымды пікір білдірген болатын.

Осы жылдарда ұлт руханиятына қосқан еңбегі еленіп, халқының құрметіне бөленді. «Құрмет», «Парасат», «Отан» ордендерінің иегері атанды. Қазақстан Жазушылар одағы тағайындаған Мұқағали Мақатаев атындағы сыйлықпен екі мәрте марапатталды.

Қазақ руханиятының қабыр­ғалы өкілдері, қоғам қайрат­керлері, жырсүйер қауым қатыс­қан салтанатты кеште тұлға­ның ғұмыр жолы мен шығарма­шылық белесін арқау еткен деректі фильм көрсетіліп, өлеңдері оқы­лып, көрермен сахналық қойы­лымдарды тамашалады.

Осы мерейлі күнде ұстазын құттықтаған шәкірттері мен ізбасарлары өлең арнап, құрмет көрсетті. Мерейтой кешінде 30 жылда ақындарға 300-ден астам автокөлік мінгізген айтыс абызына шәкірттері темір тұлпар сыйлады.

АЛМАТЫ 

Соңғы жаңалықтар

Қопа мектебіне қолдау көрсетілді

Мектеп • Кеше

Еліміздің кинотеатрларында жаңа Конституцияны қолдауға арналған бейнероликтер көрсетілді

Ата заң • Кеше

Михаил Шайдоров Олимпиадада өнер көрсеткен костюмін мұражайға тапсырды

Олимпиада • Кеше

Шахматтан республикалық чемпионат өтіп жатыр

Шахмат • Кеше

«Қазақфильм» киностудиясына 2,8 млн теңге көлемінде айыппұл салынды

Оқиға • Кеше

Астанада матч кезінде Конституциялық реформаларды қолдауға арналған ерекше акция өтті

Ата заң • Кеше

Семейде құқықтың quiz зияткерлік ойыны өтті

Аймақтар • Кеше

Жалын Тілеуберген: Конституциялық құндылықтар ұлттық болмысты сақтап, әділетте қоғам құруға жол ашады

Ата заң • Кеше

Футболдан Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері тағайындалды

Футбол • Кеше

Жүкті әйелдің өліміне байланысты Жамбыл облысындағы перзентханада тексеріс басталды

Оқиға • Кеше

Астанада жүк көлігі өртке оранды

Оқиға • Кеше

119 млн теңге жымқырған: Атырауда жекеменшік мектеп директорына үкім шықты

Аймақтар • Кеше

Еліміздегі ең ірі ЖОО оқытушылары мен студенттері референдумді қолдады

Референдум • Кеше

Жаңбыр мен қар, боран: Ертең елімізде ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Кеше

Жаңа Конституция – елдің экологиялық қауіпсіздігінің берік тірегі

Қоғам • Кеше

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью