Айтыскер ақын Ринат Зайыт қорғаныс министрлігінде қызметке тағайындалды

23.10.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

АСТАНА, 23 қазан – Sputnik. Айтыскер ақын, бұрынғы мәжіліс депутаты Ринат Зайыт Қарулы күштерінің ұлттық әскери-патриоттық орталығының басшысы қызметіне тағайындалды.

Бұл туралы экс-депутат "Adal Adam" YouTube-арнасына берген сұхбатында айтты.

Айтуынша, жаңа қорғаныс министрінен осындай ұсыныс түскен.

"Осы қазан айының басында жаңа Қорғаныс министрінің шақыртуымен Қорғаныс министрлігіне қарасты Ұлттық әскери-патриоттық орталыққа келдім. Қазіргі жағдайлардан кейін мемлекет басшысының "қорғаныс саласына жасаңдар" деп тапсырған реформасы басталды. Сол реформаның бір бөлігіне атсалыссам деген арманмен келдім", - дейді Зайыт.

Ол орталыққа әскери ансамбль, оркестр, патриоттық және мәдени іс-шараларды ұйымдастыру жұмыстары кіретінін, әскердегі және әскерге дейінгі жастардың патриоттық санасын, Отанға деген сүйіспеншілігін арттырумен айналысатынын айтты.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью